Осылай-осылай ел болып кетерміз

Осылай-осылай ел болып кетерміз

...ол дәуір де өшті. Көлбеп жүрген елесі ғана. Халықтың сотынан құтылғанымен, мүңкір-нәңкір сотынан құтыла алмас.

Иә, оны қоялық, өзімізді айталық.

Жұрт шідері шешілген Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау білдіріп жатыр. Мен де қолдауға мәжбүрмін. Енді қайтем, есімізді жиып алайықшы.

Бүгін Парламент Мәжілісінде сөз сөйлеп, көкейіндегісін айтып-ақ жатыр. Айтқаны орындала ма, білмеймін. Негізі айтылған сөз 100% орындалмайды. 50% орындалса, соның өзіне шүкір дейсің. Бүгін бірінші күн ғой, сондықтан айтылар сөз алда шығар деп үміттенем.

Жаңа жасақталған деген Үкіметтің дені көне. Мүмкін жаңасын қапелімде таба алмай жатқан шығар, алдағы уақытта жаңалайтын шығар деп өзімді өзім жұбатып қоям. Бірақ ол ойым да қалт-құлт етіп құлап қала жаздайды.

Дегенмен алға аттадық! Осылай-осылай ел болып кетерміз! 

 

Нұрлыбек САМАТҰЛЫ
12.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5898
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6039
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21014
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19642
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23114