Отбасы институтын нығайту қажет

Отбасы институтын нығайту қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер мәртебесі, оқыту мәселесі жайлы өте орынды қозғады. Мұғалімдер мәртебесі туралы арнайы заң қабылдануын қабылданғанымен, іс жүзінде жүзеге асырылып жатқан жоқ. Мәртебеміз көтерілді деп мардымсыған мұғалімдердің, керісінше сол дәрежеге лайық немесе лайық еместігі өз деңгейінде сарапқа салынып жатпайды.

Ал, тәжірибелі, озық, үздік ұстаздардың мойнына артылған жүгі батпандай зілмауыр. Осы тепе-теңдікті қалыпқа келтірмейінше, білім саласындағы проблемалар өзінің өзектілігін жоймайды.

Сондай-ақ, жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттары ең әуелі идеологияның ең жоғарғы діңі саналатын демографиялық саясатқа үлкен мән беруі тиіс. «Неке және отбасы» туралы Заңды түбегейлі қайта қарау қажет. Біздің мемлекетімізде азаматтық некеге қатаң тыйым салынбаса болмайды. Отбасындағы, қоғамда орын алған түрлі зорлық-зомбылықтар ата-ана мен баланың жауапкершілігінің жоқтығынан, әке, ана, отбасы институттарының рөлінің төмендігінен жұқпалы дерттей көбеюде.

Мәжілісмендер назар аударатын тағы бір мәселе – қоғамдағы тым ашықтыққа тосқауыл қою. Қоғам біздің ұлттық құндылықтарымызды түгел жалаңаштандырып алды десе де болады.

Сайлаушы ретінде менің ғана емес, бүкіл қоғам мүшелерінің тағы бір қалауы бар, ол – қылмыскерге ең ауыр жаза қолдану шарасын тағы бір пысықтаса екен деген тілек. Зайырлы мемлекет ретінде өлім жазасы бізде жоқ. Алайда, «Аюға намаз үйреткен – таяқ». Осыдан аз-ақ жыл бұрын бүкіл елді дүрліктірген сәтбаевтық педофильдің жантүршігерлік тірлігі қалай естен шықпақ? Кешегі өзінің өзегінен шыққан үш баласын өлтірген жауыз әкенің ісі тұрмыстағы, қоғамдағы зорлық-зомбылықтардың, зұлымдықтың барып тұрған ең сорақысы.

Дала академиясы ерекше дамыған дана қазақтың қазіргі ұрпағында отбасы, аналар, әкелер институттарының нашар жұмыс істеуі осындай жағдайлардың орын алуына әкеліп соғып отыр.

Сондықтан, не нәрсенің де ашық ақпарат көздерімен талғамсыз таратыла беруіне ел болып, жұрт болып шұғыл арада тосқауыл қоюымыз керек!

 

Үміт БИТЕНОВА, ақын, «Құрмет» орденінің иегері.
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 79
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 549
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 495

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9200
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8597
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11824
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9593
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10807