Өз өмірің үшін сақтан!

Өз өмірің үшін сақтан!

Жақында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында адамдарға ескерту боларлықтай тағы бір ақпарат жарық көрді. Онда «Қазгидромет» РМК болжамдарына сәйкес еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. 2025 жылғы шілденің соңғы күндерінде қатты ыстық пен өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде. Осы кезеңдегі өрттің негізгі себептері – от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелер, шөптер мен қоқысты рұқсатсыз жағу, балалардың отпен ойнауы. Өрт қаупі жоғары кезеңде өрт көздеріне, әсіресе орман және дала алқаптарына ерекше назар аударуға шақырамыз.

 

ТЖМ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады:

- ормандарда және ашық жерлерде от жақпаңыз;

- жанып тұрған сіріңкелер мен сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз;

- табиғатта шыны ыдыстарды қалдырмаңыз, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;

- өрт туралы дереу 101 немесе 112 телефонына хабарлаңыз;

Сонымен қатар шомылу маусымында су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс. 

ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

- тек рұқсат етілген (жабдықталған) жерлерде шомылыңыз;

- суға шомылуға тыйым салынған жерлерге суға түсуге қатаң тыйым салынады;

- су маңындағы демалыста алкогольді пайдаланбаңыз;

- буйкалардан асып жүзбеңіз;

- жартастардан, шатқалдардан және осы мақсаттарға арналмаған басқа жерлерден суға секірмеңіз;

- су көліктеріне жақын жүзуге болмайды;

- дабыл туралы жалған дыбыстар шығармаңыз;

- ең бастысы, балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

  Барлық азаматтарды өз өмірлері мен жақындарының өміріне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Жоғарыда аталған ережелерді қатаң сақтаңыз!  – делінген хабарламада.

Мақсатымыз құзырлы мекеменің ескертуін өз оқырмандарымызға жеткізу  екені анық. Дегенмен осы тұста біраз пікірлерді қоса кетуді жөн көрдік. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан тағы бір дерегіне жүгінсек, Қазақстанда соңғы 4 жылда 843 адам суға батып кеткен, оның 260-ы бала екен. Әрине, аянышты жағдай! Алайда осыған азаматтардың өздерінің де жауапкершілігі бар екенін неге мойындамаймыз? Мамандар жиі айтып, дабыл қағып-ақ келеді. Белгіленбеген жерге су түсу, балаларды қараусыз қалдыру, ішімдік ішу, жүзуді білмесе де суға тәуекел ету, құтқару желеттері сынды қауіпсіздік бұйымдарын қолданбау сынды біраз себепті тізіп шығуға болар еді. 

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов тілшіге берген сұхбатында былай депті: 

«Біз қанша ескерту, оқыту, алдын алу шараларын ұйымдастырғанымызбен, ең бірінші судан келетін қауіпке араша болатын адамның өзі екенін ұмытпаған жөн. Өздеріңіздің, балаларыңыздың және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін судағы қарапайым ережелерді қатаң сақтау қажет. Тағы да ескерте кететін жағдай ҚР ҚК 364, 412, және 582-баптары бойынша судағы тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған». Әрине, маманның айтуында қателік жоқ. Тек азаматтардың өздерінің салғырттығы мен жауапкершілікке деген талпынысының жоқтығы ашындыратыны сөзсіз. 

Жыл сайын ішкі туризм дамып келеді. Алайда демалыс аймақтарында демалу мәдениеті де ойдағыдай емес екендігін байқаймыз. Біздің кейбір азаматтар су жағасына ішімдік ішіп, кәуап пісіріп жеу үшін баратын сияқты. Мұндайда өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесі де басты назарда болуы тиіс еді. Сондықтан кез келген апатты жағдайды болдырмау өз қолымызда дегіміз келеді. 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
31.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16524
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16375
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31551
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30169
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33763