Өзбекстанның әділет министрлігі: «Ведомство Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнар Кәрімоваға тиесілі қаржының бір бөлігі Өзбекстанға қайтарылады. Өзбекстан Гүлнар Кәрімова мен оның сыбайластары елден заңсыз әкеткен активтерді қайтару мәселесі бойынша Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей және басқа елдердің органдарымен жұмыс істеп жатыр. 2022 жылдың он бірінші ақпанында Швейцария мен Өзбекстан кездесу ұйымдастырған. Жиында екі делегация да Біріккен Ұлттар Ұйымының көпжақты сенім қорын құруға келіскен. Қор Гүлнар Кәрімоваға қатысты қылмыстық іс жүргізу шеңберінде түпкілікті тәркіленген активтерді қайтару үшін пайдаланылатын болады. Қазіргі уақытта 131 миллион доллар қайтарылады деп күтіліп отыр. Бұл қаржы Өзбекстанның әл ауқатын жақсартуға жұмсалмақ», – деп хабарлайды. Қарапайым қазақстандықтар да көрші елдің әділет министрлігінің бұл іс-әрекеті Қазақстанға да түрткі салып, біздің ел де заңсыз сыртқа кеткен активтерді елге қайтарумен мықтап айналысса деп үміттенеді.