Өзбекстан президенті шетел автокөліктерінің кеден алымын 3 күн ішінде азайтуды тапсырған

Өзбекстан президенті шетел автокөліктерінің кеден алымын 3 күн ішінде азайтуды тапсырған

14 ақпанда өткенде кеңесте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев үкіметке шетелден әкелінетін автокөліктің кеден алымын 30-дан 15 пайызға дейін түсіру жөнінде жобаны үш күнде әзірлеуді тапсырды.

Президент баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Шавкат Мирзияев автокөлік жасайтын сала басшыларына автомобиль бағасын 5 пайызға арзандатып, импорт алмастыруды 100 миллион долларға жеткізуді, автомобиль өндірісін локализациялауды 48%-дан 56%-ға көтеруді міндеттеген.

Сонымен қатар 336 миллион долллар инвестициялық жобаны игеріп, Tracker және Onix автомобиль өндірісін іске қосуды, жаңа двигатель өндірісін жолға қоюды тапсырған.

Президент баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, үкіметке биыл 1 мамырға дейін автокөлік кезегін толығымен жойып, UzAuto Motors көліктеріне алдын ала төленетін қаржыны 85%-дан 50%-ға түсіру мәселесі жүктелген.

Биыл қаңтар қырғынынан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден келетін көліктердің және өзге де техника мен заттардың утилизация алымын жинайтын "Оператор РОП" компаниясының жұмысын тоқтатуды бұйырған еді.

Бұл компанияның бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға қатысы бары айтылады. Бұған дейін билік утилизация алымын жинайтын "Оператор РОП" компаниясына кейінгі бес жылда 691,9 млрд теңге қаражат түскенін айтқан.

Шетелден әкелетін көліктерге кеден алымын азайту, утилизация алымын алып тастау жөнінде Қазақстанда бірнеше жылдан бері түрлі талап айтылған.

www.azattyq.org
15.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Талғар төрінде халықаралық турнир
Салтанат Бакеева - 23.10.2025 42
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 99
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 41
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 99
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 325
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 322

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18997
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18856
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34022
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32577
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36382