Өзгені мойындату үшін – өзіңді сыйла!

Өзгені мойындату үшін – өзіңді сыйла!

Дана халқымыздың «бір жылдығыңды ойласаң, егін ек, он жылдығыңды ойласаң, ағаш отырғыз. Ал ғасырыңды ойласаң, балаңды оқыт» – деген философиялық ой тұжырымы бар екен.  Шағын ғана Оңтүстік Корея, Жапония мемлекеттері жер асты байлығына кедей бола тұра, оқу білімнің, ғылымның арқасында әлемдегі озық елдердің біріне айналып отыр. Сол Жапон халқында Еуропалық білім, Жапондық рух деген формула бар екен.  «Басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек. Осы  керектердің  жолында  жұмыс істеу керек» деген екен Алаш көсемі Ахмет атамыз.                          

Қазақ мемлекетінің келешегін ойласақ, оқу-білімге, ғылымға ерекше көңіл бөлуіміз керек. Пайдалы қазбалар сарқылады, мәнін жоғалтады, ал ғылым мәңгілік. Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен жоғары қоятын ұлт қана табысқа жетеді.  Біздің қазақ халқы әлемдегі генетикалық коды мықты  халықтың бірі.  Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген. Осы мүмкіндікті Алланың берген сыйын, салт-дәстүріміздің ғажайыптығын өмірде кәдеге жаратуымыз керек қой.  Ол үшін баланы бесіктен тәрбиелеп, ұлтжанды, ғылымға, өмірге икемді, еңбекқор, рухы мықты етіп тәрбиелеуіміз керек. «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері тұнған білім-ғылым» деген екен  П.Семенов-Тянь-Шанский.  

Шындығында  дана халқымыздың дәстүріндегі жеті атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеу, баланың кіндік шешеге, нағашыға тартуы, көз тию, баланы қырқынан шығару, малды бауыздап сою, тағы да басқа дәстүр-жоралғылар қазіргі таңда ғылыми тұрғыда дәлелденген  аксиома. Үнді халқының ұлы перзенті   М.Ганди «Өзгелер өзін-өзі сыйлайтын ұлтты ғана мойындайды» деген екен.  Олай болса, біз де басқа ұлттарды мойындату үшін бірінші өзіміздің ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет ғұрпымызды,  тілімізді сыйлауымыз керек.                                        

Қазақстан мемлекеті әлемде жер көлемі жөнінен  9 орында, 2,7 млн км2, ал халқының саны жөнінен  63 орында, 19 млн 161 мың халық, осы халықтың  70 пайызы қазақ ұлтының өкілі. «Адам қай тілде сөйлеп, тәрбиеленсе, сол ұлттың өкіліне жатады» деген екен орыс ғалымы Даль. Сан мен сапаның арасында алшақтық болмаса екен. Әрине қоғам болған соң  кемшіліктер де  болады. Біз өмір сүріп жатқан демократиялық қоғам жөнінде Унистон Черчил «Демократия  басқарудың ең келеңсіз формасы, бірақ адамзат әлі одан артықты ойлап тапқан жоқ» деген екен.  «Үлкен жетістіктер жолында, кіші кемшіліктерде  болуы да мүмкін, көш жүре түзеледі» деген дана халқымыз. Әділдігін айтқанда  тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде көптеген игілікті істер атқарылды.  Егер Тәуелсіздік алған жылдары  ІЖӨ  жан басына шаққанда  500-600 доллардан келетін болса,  қазіргі таңда  ІЖӨ  жан басына шаққанда  9000-10000 доллардан келуі,   Халықаралық, республикалық автожолдардың салынуы, 15000 шақырымдық шекараның шегенделуі,  көптеген мәдени-әлеуметтік нысандардың салынуы, әртүрлі бағдарламалармен баспаналардың салынуы, 1 миллионнан астам шетте жүрген ағайындардың атамекенге оралуы, Сарыарқаның төсінен елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының салынуы. Осының бәрі елдің жетістігі, ол жетістік елдің ынтымақ бірлігінің, татулығының, халықтар достығының жемісіндей.  

Халық үніне құлақ асатын мемлекет, тұжырымдамасы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өмірге келіп жұмыстар жасауда. Экономикалық  жағдайды тұрақтандыру, халықтың  жағдайын одан әрі жақсарту үкімет үшін басым бағыттар болады. Жаңа Үкімет Президент Жолдауларын, бастап жатқан реформаларын іске асыру жұмыстарын тың жігермен жүргізетін болады деп  сенеміз. Енді Қазақстан дамудың жаңа дәуірін бастады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болса екен. Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Қымбатымызды қадірлей білейік, ағайын!   

 

 

Ә.Қонысбаев, Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Тәуіш ауылы
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 81
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 603
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 720
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 632
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 642

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8779
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8179
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11408
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9162
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10393