Өзімізге қажет емес тілді өзгелер қайтсін! өзгеге қажет емес!

Өзімізге қажет емес тілді  өзгелер қайтсін!  өзгеге қажет емес!

Мен үшін тіл мәселелері өте маңызды. Біздің мемлекетте үштілділік енгізілгелі  біршама өзгерістер болып жатыр. Мысалы көптеген ағылшын, орыс, тіпті қазақ тілдерін үйренетін курстары ашылып, қоғам дами бастады. Осы даму үрдісі арқылы біраз жетістікке қол жеткізуге, қоғаммен етене жұмыс жасауға болатынын түсіндім. Біреулер үшін  үш тілдік жүйе ұнамайды. Елімізде тұрып жатқан басқа ұлттармен бір мәмлеге келетіндей тілдесу үшін орыс тілінің бізге керегі бар. Ағылшын тілі әлемдік деңгей бойынша екінші орында тұратындықтан, сондай-ақ бүкіл көптеген ірі жобалар мен жиналыстар осы тілде өткізілгендіктен маңызды деп есептеймін.

«Ұлттың өшуі тілдің өшуінен басталады» деген Қадыр Мырза Әлидің тілдің ұлт үшін маңызын айқындайтын құнарлы сөзі бар. Кез келген ұлтты жер бетінен жойып жіберу үшін тілін құртудың өзі жеткілікті. Тілде сол елдің бастан кешкен қиындығы, жүріп өткен жолы, жеткен жетістігі баяндалады. Тілің ұмыт болып өскен күн, ұлттың өлген күнмен пара-пар

Қазақ тілі көзіміздің қарашығы, қолымыздағы бар асылымыз, жарық сәуле. Сәуленің тарайтын аумағы кеңейген сайын айналасын нұрландыра түседі, тіл де дәл сондай, қолданыс аясы кеңейе келе, құрметі мен беделі артады. Біз өзге ұлт өкілдерін, жастарды қазақ тіліне күштеу емес, қызықтыру арқылы әкелуіміз тиіс. Мысалы өнер арқылы насихаттасақ болады. Қазақша әндер мен фильмдердің сұранысын арттырсақ, өзгелер тілімізге өздері-ақ қызығушылықтары оянып, үйренуге тырысушы еді. Қазіргі таңда осы бағытта еңбек сіңіріп жатқан көптеген қазақ жастары бар. Бірақ тілімізді әлемдік аренаға шығаруға бәріміз бірлесе еңбек етуіміз қажет. Оларды қолдап, шығармашылығының дамуына  үлес қоса білуіміз керек. Мысалға қарапайым Ақтөбеден шыққан Димаш Құдайбергенов арқылы қаншама әлемнің өнер сүйер қауымы қазақ ұлты, Қазақстан деген мемлекеттің бары жайында білді. Өмір бойы естімеген миллиондаған адам қазақ тілінде ән тыңдады, түсінуге, ұғынуға тырысты. Бұл да бір тіліміздің мәртебесін асырған, абыройын асқақтатқан қарапайым қазақ баласының ерлігі деп білемін. 

Өз ана тілін басқадан бұрын қазақ халқы қолдануы, сыйлауы, насихаттауы, құрметтеуі, сүюі, оқуы тиіс. Айналып келгенде бәрі өзімізге байланысты. Өз халқы қолданбайтын, сыйламайтын, сүймейтін тілді өзге ұлт қайтсын? Өзге ұлтқа мойындатқың келсе, әуелі ана тіліңді бойыңа бірінші өзің сіңір, қадір-қасиетін сезін, құндылығын дәріпте, қазақша ән айт, кинотеатрда қазақ фильмін таңда, қазақ тілінде қызмет көрсетуін сұра, қазақша кітаптарды оқы. Себебі тіл – біздің таусылмайтын байлығымыз, баға жетпес қазынамыз...

 

Томирис Амантаева, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, 11 сынып оқушысы
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 623
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 741
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 653
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 662

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410