ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – СУ ТАПШЫЛЫҒЫН ТОЛЫҚТАЙ ШЕШІП БЕРЕ АЛАДЫ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – СУ ТАПШЫЛЫҒЫН ТОЛЫҚТАЙ ШЕШІП БЕРЕ АЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «International Center of Climate Change Technologies» орталығының басшысы Алтай Айнабек мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа технология – атмосфераның төменгі қабатына теріс зарядталған иондар жіберу арқылы антициклонды бұзып, циклондық процестерге әсер етеді. Салдарынан қажетті аймақта атмосферадағы жоғары қысым төмендеп, ылғал тартыла бастайды. Нәтижесінде жауын жауады.

– Қазіргі таңда құрғақшылық, су тамшылығы бүкіл әлемде басты мәселе болып тұр. Оны шешудің жолдары жан-жақты іздестірілуде. Біз жаңа технологиялар арқылы құрғақшылықты болдырмау, адамзаттың залалынан тартылып кеткен Арал сияқты теңіздерді қайта қалыпқа келтірудің әдісін қарастырып жатырмыз. БҰҰ-ның мәлімдемесі бойынша, әлемде 2,5 млрд адам су тамшылығы зардабын тартып отыр. Көріп тұрғандарыңыздай, қазір Каспий, Балқаш, сондай-ақ, өзендер мен тоғандардағы сулар тартылып жатыр. Жерасты суларының да деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендеген. Біз 31 шілде күні өз қаражатымыздың есебінен Шымкент қаласына «Clear Sky Manager New Generation» технологиясын орналастырдық. Салдарынан, Қазақстанның көптеген аймақтарында және Оңтүстік өңірінде тамыз айында қатты жауын жауды. Бұның барлығы біздің технологиямыздың тағы да тиімді екенін дәлелдеді, – деді Алтай Айнабекұлы.

Сонымен қатар, аталмыш технология 2022 жылы Маңғыстау облысында іс-тәжірибеден өткен. Нәтижесінде, бұл өңірде бұрын соңды болмаған ауқымды жаңбыр жауған. Айта кетейік, «International Center of Climate Change Technologies» орталығы Араб Әмірлігінде тіркеліп, қазіргі таңда Африкадағы Сахель және Пәкістанның аридтық аймақтарында жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, аталған компания Орталық Азияда Халықаралық Арал теңізін құтқару қорының Қазақстан мен Өзбекстандағы дирекцияларымен үшжақты келісім-шартқа отырған.
Брифинг соңында спикер әлемде 80-ге жуық мемлекет климаттық әртүрлі технологияларды пайдаланатынын және бұл технология елімізде алғаш рет қолға алынып келе жатқанын айтты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
17.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 25
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 152
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 152
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 299
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 517
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 470

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9170
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8568
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11796
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9564
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10776