Паралимпиада-2022: Әзірше Қытай көш бастап тұр

Паралимпиада-2022: Әзірше Қытай көш бастап тұр

     Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының медальдар кестесінде барлығы 19 мемлекет орналасқан. Олардың қатарында Қазақстан бір қола медальмен 18-і орында тұр.  Медальдар кестесінде Қытай 26 медальмен (8 алтын, 8 күміс, 10 қола) көш басында тұр. Одан кейін Украина 13 (5 алтын, 5 күміс, 3 қола), Канада 13 (5 алтын, 2 күміс, 6 қола) медальмен үздік үштікте келеді. Жалпы алғанда жүлдеге қол іліккендер қатарында Жапония, Франция, Словакия, АҚШ, Норвегия, Германия, Австрия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Италия, Финляндия, Швеция, Нидерланды, Австралия және Швейцария бар. Қысқы Паралимпиада 4 және 13 наурыз аралығында өткізіледі. Онда әлемнің 50 мемлекетінен келген 700-ге тарта спортшы бақ сынауда. Еске салсақ, XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин ел намысын қорғайды. Енді қазақстандық спортшылар 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды. Бейжіңде ауа райының бірден жылынуына байланысты пара тау шаңғысы спортынан суперкомбинация дисциплинасы кейінге шегерілді.                        

Ермек Сахариев
09.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 347
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 490
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 336
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 195

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18250
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18110
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33299
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31850
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35567