Парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым—қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында Қаратау қаласында орналасқан Дарын балалар өнер мектебінде «Парасатты отбасы» байқауы өтті.
"Талас ғұмыры" жастар қоғамдық бірлестігі мен Талас ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республдикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасында бауырмашылдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, озат ойлы заманауи отбасын анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға 13 отбасы қатысты.
Байқауда азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына және абыройлы, қоғамдық жұмыстарда белсенді, креативті, жаңашыл, парасатты қайырымды әрекеттеріне назар аударылды.
Қатысқан ата-аналарымыз өздерінің мықтылықтарын танытты.
Нәтижесінде өздерінің парасаттылығын көрсете білген отбасылар анықталды.
Олардың әрқайсы отбасылық құндылықтарын насихаттай білді.