«Парасатты полицей» байқауы жалауын көтерді

«Парасатты полицей» байқауы жалауын көтерді

Дәстүрлі «Парасатты полицей» республикалық байқауы биыл  Жамбыл жерінде өтуде. Екі күнге созылған сайыс 3-4 қыркүйек күндері аралығында өтеді.

Байқауға  Қазақстанның барлық Полиция департаменттерінен 200-ден астам  қызметкер  қатысуда. Талантты да шығармашыл полиция қызметкерлерінен құралған 20 команда үздіктер қатарынан орын алу үшін  жарысатын болады.

Аталмыш байқау Тараз қаласындағы Жеңіс саябағанынан бастау алды. Қала қонақтары мен  байқау қатысушылары алдымен  даңқты батырлар Ғазиз Байтасов пен Бауыржан

Момышұлының  ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.  Сонымен қатар  саябақтағы адамның рухын көтеретін «Даңқ залы» ғимаратын аралады.

Мұнан соң ашылу салтанаты басталды.

Жиынды облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин құттықтау сөзбен ашып берді.

— Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу қарсаңында 14-ші рет ұйымдастырылып отырған «Парасатты полицей» дәстүрлі байқауының киелі Тараз жерінде өтуі біз үшін үлкен абырой. Екі мың жылдық тарихы бар Тараз шахары Ұлы Жібек жолының жауһары, түркі халқының рухани мәдени орталығы. Жамбыл өлкесі батырлар мекені. Олай деуім облыстан атақты қолбасшы Бауыржан Момышұлы,бейбіт күннің батыры Ғазиз Байтасов шыққан.

Азаматтарды құтқару жолында, бейбітшілік пен тыныштық үшін өз өмірін құрбан еткен Ғазиз Байтасовтың есімі тарихта  мәңгілік қалары сөзсіз. Ол құқық қорғау қызметкерлері арасында «Халық қаһарманы» атағын алған алғашқы әрі бірегей батыр.

Байқауға қатысушылар мен қала қонақтары осынау тарихы терең өлкеден ұмытылмас әсер алып қайтады деген сенімдеміз. Байқау қатысушыларына сәттілік,- деді Арманбек Хәкімбекұлы.

Іс-шараға мұрындық болып жүрген Ішкі істер министрлігінің идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің басшысы Альбина Махамбетова да жиналғандар алдында сөз алып,байқаудың маңыздылығына тоқталып өтті.

— Ішкі іс­тер органдары арасында кеңінен танымал сайыстың басты көздегені – тәр­тіп сақ­шылары арасында мемлекеттік тіл­дің мәр­тебесі мен маңызын арттыру, қол­да­ны­сын кеңейту болып саналады. «По­ли­ция қызметкерлерінің мемлекеттік тілге, елі­не, Отанына деген құрметін арт­тыру, тіл­дік ортаны қалыптастыру, сон­дай-ақ, тіл мәдениетіне тәрбиелеуде де бай­қау­дың алар орны ерекше. Сол себепті де бо­­­лар «Парасатты полицейге» қатысу – әр қыз­меткер үшін мәртебе,-дейді  А. Махамбетова.

Салтанатты жиын құқық қорғау қызметкерлері мен эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік,  былтырғы жылы Көкшетау қаласында өткен «Парасатты полицей» байқауында үздік өнер көрсеткен Жамбыл облысы   ПД-нің «Тараз арландары»  командасы бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Аталмыш байқау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен  2010 жылдан бері өткізіліп келеді, оның басты мақсаты – ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, сондай-ақ құқықтық тәрбие беру және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бойында туған еліне деген патриоттық рухты қалыптастыру.

Бұл байқау осы күнге дейін елiмiздiң  әр облысында ұйымдастырылған. Әр   жылдары  әр аймақтың өзгеше дайындықтарымен ерекшеленiп, жылдан жылға  танымалдығы  артып  келеді.

Жарыстың екінші күні «Баласағұн» орталық концерт залында өтеді. Байқау екі кезеңнен тұрады. Құқық қорғау қызметкерлкрі таныстыру кезеңі және Абай өлеңдерін  мәнерлеп оқу  бойынша мәмілелер сайысқа түседі. Командалар бірінші кезең  «Жаңа Қазақстан полициясы» тақырыбында    әділетті Қазақстан құру жолында ішкі істер органдарын реформалау барысы туралы айтып, өздерін таныстыратын болады.

Екінші кезең — көркем сөз оқу сайысында  полиция қызметкерлері заманауи технологияларды, бейнероликтерді, қосымша көрнекі құралдарды пайдалана отырып, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын жатқа мәнерлеп оқулары тиіс.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтап, арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

 

Ақтоты ЖАҢАБАЙ, Арай газеті
03.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 135
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 172
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 168
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 135
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 280
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 497
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 455

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9153
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8552
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11779
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9547
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10759