Партиялар да атқа мінді

Партиялар да атқа мінді

Апатқа ұшыраған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын қолдау үшін Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев осындай қиын сәттерде күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

«Қоғам мен мемлекеттің әртүрлі деңгейде жұмылуы қиындықтарды жеңудің және табиғи апаттардан кейін қоғамды қалпына келтірудің кілті болып табылады. Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарымен және «Атамекен» ӨКП қалалық филиалымен бірге ұйымдасып, Солтүстік Қазақстан облысының әріптестерімен байланысып, депутаттардың 10 миллион теңге жеке қаражатына қажетті заттарды сатып алдық. Еліміздің бірқатар өңірлерінде апаттар басталған сәттен бастап Мәслихатта ұсынылған партиялардың фракциялары мен депутаттар компаниялары да жан-жақты қолдау көрсетуде», – деді Мейіржан Отыншиев.

Мәселен, «AMANAT» партиясы қалалық филиалы фракциясының мүшелері су басқан үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін қорларға қаражат аударып, азық-түлікке, дәрі-дәрмектерге, арнайы техника мен құрылыс материалдарын қоса алғанда 600 миллион теңге сомасына түрлі көмек түрлерін жіберді. «Respublica» партиясының депутаттары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жалпы сомасы 80 миллион теңгеге 80 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді. Ал «Қазақстан Халық партиясы» және «Байтақ» фракциясының мүшелері азық-түлік тауарларын, арнайы киімдерді, гигиеналық құралдарды және т.б. қоса алғанда, тиісінше 150 миллион және 90 миллионнан астам көмек көрсетті.

 

б

 

Фурамен бірге жіберілген гуманитарлық көмек зардап шеккендер қажеттіліктерінің кең ауқымын қамтыды. Көмек тізіміндегі қажетті заттардың қатарына тамақ, ауызсу, матрастар, газ плиталары, төсек-орын жабдықтары, моторлы қайықтар, құтқару кеудешелері, қаптар, қалта мен қол шамдардың әр түрлерін, рациялар, резеңке комбинезондар мен етіктер, қолғаптар және т.б. кіреді.

«Сондай-ақ, Kusto Home компаниясын басқаратын депутатымыз Мұрат Өтемісов зардап шеккен өңірлерге барып, көмек көрсетуге және салдарды жоюға 400 миллион теңге көлемінде қаражат бөлу туралы жариялағанын атап өткім келеді. Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында көмек көрсетілуде. Бұл қолдауды қажет ететіндер үшін  және соңғы апаттардан кейін өңірлердің тез қалпына келуіне ықпал етеді деп үміттенеміз», – деп түйіндеді Мәслихат төрағасы.

 

26.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 193
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 186
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 696
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 818
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 732

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8888
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8283
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11511
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9267
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10495