Павлодарда мұнай-химия зауытының директоры Оспанбек Әлсейітов қамауға алынды. Оған өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген айып тағылып отыр. Бірақ жақындары оған жазықсыз жала жабылғанына сенімді екендіктерін айтады. Мәселен, Әлсейітовтің ұлы тергеушілердің қолында әкесінің кінәлі екенін дәлелдейтін айғақ жоқ екенін, оған қарсы қылмыстық іс ойдан шығарылғанын мәлімдеді. Бұл қызметке 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалғанына қарамастан, оны 2018 жылдың 3 қаңтарында қоспаларды жеткізу келісімшартына қол қойған деп айыптап отыр екен. Заң бойынша жоғары инстанцияға жүгінген күдіктелушінің ұлының айтуынша, бұл құжаттар Оспанбек Әлсейітов «Қазмұнайгазда» жұмыс істеген кезде қабылданған. «Ақпанның 7-і күні әкемді ақша жымқырды деген күдікпен ұстап, ал кеше 8-і күні айғақсыз екі айға қамауға алды. Біз мұндай заңсыздықты бұрын-соңды көрген емеспіз. Біз тағылған айыптың барлық дәлелдерін келтірдік. Бірақ экономикалық тергеу басқармасының тергеушісі Асылхан Асан оларды елемейді. Менің әкем адал және ол тағылған айыптарды ешқашан істеген емес. Сізден барлық қажет шараларды тез арада қабылдап, әкемнің абыройын қалпына келтіруіңізді сұраймын!», – дейді Әлсейітовтың ұлы Сұлтан Оспанбек.