PPG Tikkurila COLORFUL COMMUNITIES бастамасы аясында Алматының әлеуметтік нысандарын көркейтуде

PPG Tikkurila COLORFUL COMMUNITIES бастамасы аясында  Алматының әлеуметтік нысандарын көркейтуде

Алматы 15 қыркүйек, 2023. «АРДИ» мүгедек балалардың ата-аналар қауымдастығымен бірлесіп, COLORFUL COMMUNITIES жаһандық бағдарламасы аясында Алматыда (Қазақстан) New Paint for a New Start жобасын өткізді. Бұл бастама мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік маңызы бар нысандарды үйлесімді дамуға қолайлы орта құруға ықпал ететін жігерлендіруші және инклюзивті кеңістікке айналдыруға бағытталған.

 

Осы жобаның негізгі серіктесі PPG Tikkurila шығыс материалдарын қоса есептегенде 20 000 000 теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін 300 литрден астам жоғары сапалы бояу ұсынды. Мысалы, жаңартуда қолданылған бояулардың бірі TIKKURILA® Argentum 20 боялған бетті вирустар мен бактериялардың көбеюінен қорғайды. Бұл қасиет балаларға арналған бөлмелерде өте маңызды. Экологиялық таза және үлгілі қауіпсіздік сипаттамаларымен, сондай-ақ жоғары беріктігімен танымал Tikkurila брендінің өнімдері үй-жайларда көркем жайлылық пен шығармашылық атмосферасын ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді.

«АРДИ» мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығының шығармашылық орталығы олардың миссиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, аталмыш орталық балалар өздерінің көркемдік таланттарын ашып, қажетті өмірлік дағдыларын дамыта алатын білім беру кеңістігі ретінде қызмет етеді. Әр түрлі бағдарламалар мен қызметтердің көмегімен «АРДИ» балалар өркендей алатын, өз әлеуетін дамытатын және өзіне деген сенімділігін арттыратын қолайлы орта құруға тырысады.

COLORFUL COMMUNITIES® жаһандық бағдарламасының бөлігі болып табылатын New Paint for a New Start жобасына кеңістікті өзгертуге үлкен үлес қосқан 30 энтузиаст еріктілер, PPG Tikkurila қызметкерлері мен серіктестері қатысты. Түс схемалары мен дизайны зерттеулерге негізделген. Түстер палитрасын жасау принципі – түстік акцент жасай отырып жайлы фон жасау. Дизайнды әзірлеу кезінде бөлменің мақсаты және балалардың жасы ескерілді. Мәселен, би залында қоңыр-сарғыш және қызыл реңктері бар түстер палитрасы, ал психологтың кеңес беру кеңсесінде тыныштандыратын жасыл түс қолданылады.

 

«PPG Tikkurila-да біз әлемді өзгерту мен жақсартудағы түстің әлеуетіне сенеміз. Осындай маңызды жобаның қатысушысы болу біз үшін үлкен мәртебе және біз ол алып келетін оң өзгерістерді көруге асықпыз. Біздің мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі балалар өздерінің шығармашылық таланттарын толық ашып, күн сайын шабыт таба алатын ынталандырушы ортаны құру болды және біз оған қол жеткіздік деп үміттенеміз», - деді Қазақстандағы PPG Tikkurila бас директоры Арсений Руденко.

 

PPG Tikkurila жобаның сәтті аяқталуына орай «АРДИ»-мен бірлесіп COLORFUL COMMUNITIES іс-шарасын өткізді, онда шығармашылық орталықтың кеңістігінде жасалған ауқымды өзгерістермен таныстырды. Жобаның таныстырылымында жас таланттарды қолдау мақсатында және сатып алу мүмкіндігімен орталық оқушыларының қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді.

Өнер орталығының кешенді трансформациясы қабырғаларды тегістеу мен бояуды, электр желісін жаңартуды, керме төбелер мен жаңа жарықтандыруды орнатуды, баспалдақтарды қалпына келтіруді, лифтті жөндеуді, би және спорт залдарындағы едендерді ауыстыруды, жаңа тіркеу үстелшесін, жаңа шкаф есіктерін орнатуды және т.б. қамтыды. Жоба аясында ғимаратты қосымша жаңғыртуға қаражат жинау бастамаланды, оған 2 миллион теңге жинады. Сонымен қатар, жобаға би залына ламинат берген «Паркет әлемі» компаниясы және лифт жөндеуге қатысқан «QM Media» атты екі демеуші серіктес қатысып, бұл өзгерістерді іске асыруға көмектесті. 

 

«Біз PPG Tikkurila компаниясына өнер орталығына жаңа өмір сыйлағаны үшін өте ризамыз. Өйткені, әр бала өзінің шығармашылық әлеуетін шыңдайтын және оның армандарын жүзеге асыруға көмектесетін ортада өсуі керек. Ашық-жарқын түстер мен ойластырылған дизайн біздің балаларымыз өз ойын білдіре алатын, қажетті дағдыларды дамытатын және жаңа шыңдарды бағындыратын кеңістік құрды», — деді «АРДИ» директоры Асия Ахтанова. 

Өнер орталығының интерьеріндегі тағы бір шабыттандыратын өзгеріс - әйгілі суретші Сауран Кастеев салған таңғажайып қабырға суреті. Көрнекі үйлесімділік үшін суретші өзінің жұмысында «АРДИ» логотипінің, интерьер дизайнының және қабырғаларды безендірудің түстер палитрасына сүйенді. Жұмыста пайдаланылған ашық және жанды түстер де көптеген адамдардың көзінен жасырылған «АРДИ» балаларының бай ішкі әлемін тамаша көрсетеді.

«Инклюзивтілік пен теңдікке ықпал ететін бастамалардың жақтаушысы ретінде мен COLORFUL COMMUNITIES бағдарламасына және оның New Paint for a New Start жобасына қатты таң қалдым. PPG Tikkurila мен «АРДИ» арасындағы ынтымақтастық корпорациялар мен қоғамдық ұйымдардың қоғамда оң өзгерістер жасау үшін қалай біріге алатынының айқын мысалы болып табылады. Бұл оқиға басқаларға үлгі болады деп үміттенемін», — деп бөлісті PPG Tikkurila маркетинг менеджері Аяла Идегеева. - «Жоба Алматының мүмкіндігі шектеулі балаларының өміріне жаңа бояу, үміт пен шабыт әкелді, осылайша неғұрлым инклюзивті қоғам құру жолындағы елеулі қадам болды».

19.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 155
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 153
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 263
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 266
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 476
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 438

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9137
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8535
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11763
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9530
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10743