Премьер-Министр кезекті кеңес өткізді

Премьер-Министр кезекті кеңес өткізді

       Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңес өтті. СЧонда хабарланғандай, өткен аптада (2022 жылғы 19-25 наурыз) Қазақстан Республикасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының 1,7 пайызға өсуі тіркелді. Жыл басынан бері ӘМАТ бағасының өсуі 9,9 пайызды құрады. Бір апта ішінде ең көп қымбаттаған өнімдер: қырыққабат – 11; пияз – 9,3; қант – 6,3; картоп – 4,7; сәбіз – 3,3; тауық жұмыртқасы – 1,7 пайыз. Бір аптада ӘМАТ бағасының ең жоғары орташа өсімі Алматы қаласында және Қарағанды облысында – 3,5; Түркістан облысында – 2,;5; Жамбыл облысында – 2,2 пайызға тіркелді. Мониторингтік топтардың есептеріне сәйкес, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің ӘМАТ-қа рұқсат етілген 15 пайыз бөлшек сауда үстемесін сақтауына тексеріс жүргізілді. Тексеру нәтижесінде бір апта ішінде елімізде 749 сауда тәртібін бұзушылық — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны рұқсат етілген бөлшек сауда үстемесінен асыру жағдайлары анықталды. ӘМАТ-қа сауда үстемелерін асыру қант бойынша 40 пайызға дейін, күнбағыс майы бойынша 35 пайызға дейін және көкөністер бойынша 25 пайызға дейін анықталды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етілген шектерде ұстап тұру және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өткен аптада елімізде мониторингтік топтардың жұмысы республикалық маңызы бар қалалар мен өңірлер деңгейінен аудандар деңгейіне дейін кеңейтілді.

   Премьер-Министрдің Түркістан облысынан ерте пісетін көкөністерді жеткізуге алдын ала шарттар жасау туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанның 9 өңірі келісімшарт жасап, ерте пісетін қырыққабатты жеткізуге қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 1,1 млн тоннаны құрайтын ӘМАТ жеткілікті қоры қалыптастырылды. Атап айтқанда, картоп қоры 380 мың тоннаны құрайды, ерте егін болжамы 170 мың тоннадан асады; 32 мың тонна қырыққабат сақталуда. Бүгінгі таңда қант қоры 34,5 мың тоннаны құрайды (елдің орташа жылдық қажеттілігі – шамамен 44 мың тонна), оған қоса кейін өңделетін 30 мың тонна қант шикізаты бар. Монополияға қарсы әрекет ету шараларын қолдану аясында тауық етін көтерме саудада жеткізуші (Қостанай облысы), тауық жұмыртқасын өндірушілер (Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары), көтерме саудада жеткізуші (Ақтөбе облысы), аммиак селитрасын (Маңғыстау облысы) және аммофос өндірушілер (Алматы) бойынша 8 тергеу жүргізілуде. Бір апта ішінде Алматы облысындағы «ФудмастерТрейд компаниясы» ЖШС-ға бір ескерту жасалды, сондай-ақ Павлодар облысындағы «Grano-PV» ЖШС және «Царская каша» ЖШС қарақұмық жармасын өндірушілерге, Алматыдағы «СахарПром Казахстана» ЖШС қантты көтерме жеткізушіге 3 хабарлама жіберілді. Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне ӘМАТ қорларын бөлуді үйлестіру жұмысын күшейтуге тапсырма берді. 

Ермек САХАРИЕВ
28.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 20
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 41
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 254
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 250
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 873

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550