ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТЕТІН ОРЫНБАСАРЫ МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ЕГІС НАУҚАНЫ КЕЗІНДЕ БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРДІ АРАЛАЙДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТЕТІН ОРЫНБАСАРЫ МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ЕГІС НАУҚАНЫ КЕЗІНДЕ БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРДІ АРАЛАЙДЫ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы негізінде Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сондай-ақ Ауыл шаруашылығы вице-министрлері жаппай егіс науқаны кезінде өңірлерді аралауды бастады.
15 мамырда Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы жаппай егіс науқанының басталауына қатысып, көктемгі дала жұмыстарының барысын тексерді. 18 мамырда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қарағанды ​​облысына барып, шаруалармен кездесіп, егіс жұмыстарының қарқынын көрді. Министр ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тікелей жеңілдетілген несиелендіру құралдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, министр егіс науқанына тыңайтқыштарды жөнелту шараларын бақылады.
19 мамырда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Түркістан облысына барды. С.Жұманғарин жер-жерлердегі фитосанитариялық жағдаймен, әсіресе табын шегірткесінің таралу қаупі бар аудандарда болып, сондай-ақ облыстағы егістіктердің жай-күйін бағамдады.
Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров бүгінде Қазақстанның негізгі астық егетін облыстарының бірі - Қостанай облысында, онда саланың негізгі проблемалық мәселелері бойынша шаруалармен бірқатар кездесулер өтеді. Министр облыстағы егіс науқанының барысымен және өңірдегі фитосанитариялық ахуалмен танысу үшін бірқатар аудандарға барады. Бұл аудандарда шегірткенің таралу қаупі жоғары.
Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары С.Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров және жауапты ауыл шаруашылығы вице-министрлері жаппай егіс науқаны аяқталмай тұрып, қалған барлық өңірлерді аралайды.
Күн тәртібінде егістің оңтайлы мерзімдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген несиелеумен қамту, шаруалардың несиелеріне 85 пайызға кепілдік беру бойынша түсіндіру жұмыстары, тыңайтқыштарды жөнелтудегі барыс және басқа да мәселелер бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
21.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8985
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8380
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11605
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9363
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10589