Президент Бас редакторымызды құттықтады

Президент   Бас редакторымызды құттықтады

Өткен  нөмірімізде газетіміздің  Бас  редакторы,  Қазақстан  Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Ертай Айғалиұлының 70 жасқа толуына орай «Ұлттық рух жолындағы күрескер» атты тақырып аясында бір топ әріптестерінің құттықтауларын, игі тілектерін берген болатынбыз. Енді осы дүйсенбіде әріптесімізді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

 

«Qazagstan dauiri» газетінің Бас редакторы E. Айғалиұлына

Құрметті Ертай Айғалиұлы!

Сізді 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жұртшылық өзіңізді қазақ балалар әдебиетін өркендетуге зор еңбек сіңірген қарымды қаламгер ретінде біледі. Сіз бірқатар белді басылымда қызмет істеп, ұлттық баспасөзді дамытуға мол үлес қостыңыз. Ұлт руханиятын көркейту жолындағы ерен еңбегіңіз үшін өзіңізге ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да оқырманның көңілінен шығатын тың туындылар жазып, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейте бересіз деп сенемін. Әрдайым абыройыңыз асқақ, мерейіңіз үстем болсын!

Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!

Қасым-Жомарт Тоқаев

16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 138
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 295
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 506

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 138
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 182
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 295
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 294
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 404