Президент дін басшыларын «бейбітшілік елшілері» деп атады

Президент дін басшыларын «бейбітшілік елшілері» деп атады

17 қыркүйек күні Елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі басталды. Съезді ел  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ашты. Президент  өз сөзінде Халыққа үндеуіндегі  жасанды интеллект мәселесін жаңғырта отырып, жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі  дінаралық комиссияны құруды ұсынды. Мемлекет басшысының пайымынша, аталған комиссия нейрожелілер мен өзге де серпінді технологияларды жауапкершілікпен пайдаланудың әмбебап қағидаттары жинағын әзірлеумен айналысар еді.

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент бүгінгі кездесу Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтіпті.

«Ең алдымен, съезге арнайы келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің бұл жиынға қатысуыңыз, шын мәнінде, форумның табысты өту тұрғысынан маңызды. Біз Сізді құрметтейміз. Өзіңізге мәлім, Қазақстан мен Ресей – стратегиялық серіктес, одақтас елдер», – деді Мемлекет басшысы. Кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін әрі айрықша құрмет белгісі ретінде Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады», – делінген хабарламада.

Әлемнің түкпір-түпкірінен келген дінбасылар мен дін қайраткерлері әлемде орын алып жатқан діни, саяси мәселелерді көтеріп, бейбіт жолмен шешудің қажет екендігін жеткізуде. Съезд екі күнге жалғасатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Cъезінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде дін басшыларын «бейбітшілік елшілері» деп атады.

Мақаланың жалғасын келесі нөмірден оқитын боласыздар.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
18.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 435
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 443
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 389

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20755
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20542
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35657
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34198
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38071