Президент еліміздің жаңа Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайловты ұсынды

Президент еліміздің жаңа Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайловты ұсынды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, елдің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Saryarqanews.kz

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынамын. Ол тәжірибелі маман, еңбекқор мемлекеттік қызметші. Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы, Президенттің көмекшісі, Қаржы министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Қазақстан экономикасының болашағы туралы көзқарасы дұрыс. Нақты жоспары бар. Әлихан Асханұлы Үкіметтің жұмысын өте жақсы біледі. Өзінде жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін», - деді Мәжіліс отырысында бейнебайланыс арқылы қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы Үкіметті басқаруды Әлихан Смайловқа сеніп тапсырып отыр. Жаңа Үкіметке жүкетелген жүк ауыр болмақ. Ең алдымен қымбатшылық ауыртпалығын арқалаған елдің еңсесін тіктеп, бірнеше күнге созылған бүліктен ауыр зардап шеккен экономиканы көтеруі тиіс.

Қазір Мәжіліс депутаттары Президент ұсынған кандидатты талқылауда. "Нұр Отан", "Ақжол" және "Халық" партияларының фракциялары Әлихан Смайлов кандидатурасын бірауыздан қолдады.

11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 26
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 13
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 969
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7021
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10865
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7087
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7228