Президент президентке құрмет көрсетті

Президент президентке құрмет көрсетті

«Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың президенті Дуарте Пашеконы қабылдады» деп жазды Aқорданың баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында Қазақстанның Парламентаралық одақпен өзара ықпалдастығының маңызды бағыттары талқыланған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дуарте Пашекоға ілтипат білдіре отырып, Парламентаралық одақпен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беру тұрғысынан оның елімізге жасаған сапарының маңыздылығына ерекше тоқталыпты.

– Парламентаралық одақ парламентаралық байланыстарды дамыту ісінде маңызды әрі жетекші ұйым саналады. Сіздің сапарыңыз парламенттік дипломатияны кеңейту тұрғысынан саяси маңызға ие. Біз аталған Одақпен өзара тығыз қарым-қатынастарды дамытуға баса мән береміз және осы маңызды ұйымның төрағасы лауазымындағы Сіздің миссияңызды қолдаймыз, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Дуарте Пашекоға еліміздегі демократиялық институттарды және заң үстемдігін нығайтуға, адам құқығы мен гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды саяси реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айта келіп, оны 2022 жылдың қыркүйек айында болатын Әлемдік діндер көшбасшыларының VII Съезіне қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Дуарте Пашеко кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар ол еліміздің осы кезеңдегі экономикалық және дипломатиялық табыстарын жоғары бағалап, Қазақстанның мемлекеттер мен адамдар арасында диалог орнатудың жарқын үлгісі болып отырғанына назар аударды.

Португалия парламентариі Мемлекет басшысына Парламентаралық одақты дамытудың алдағы кезеңдегі басымдықтары туралы айтты. Сонымен қатар Қазақстан мен Португалия қатынастарын өркендету аясында Нұр-Сұлтан мен Лиссабон арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын да  атап өтті.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 80
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 85
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 186
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 186
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 328
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 550
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 497

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9201
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8598
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11825
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9595
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10808