Президент Қ.Тоқаев: 10 күннің ішінде нақты, әрі толық жауап күтемін!

Президент Қ.Тоқаев:  10 күннің ішінде нақты, әрі толық жауап күтемін!

8 ақпанда ҚР президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында ел көкейінде жүрген біраз мәселе айтылды.

Үкімет  «Жаңа экономикалық бағыт. Бірінші қадам. 2022 жыл» атты іс-қимыл бағдарламасын әзірлепті. Бағдарлама  орта мерзімді кезеңге арналған Жаңа экономикалық бағытты  қалыптастырудың  бірінші кезеңін қамтиды. Құжатта  макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамыту,  халықты жұмыспен қамту  және адами капиталды дамыту бойынша  іс-шаралар қамтылған. Бағдарлама аясында  4 бағыт бойынша  шамамен 500 іс-шара көзделген екен.

Үкіметтің есебіне сәйкес еліміздің  2021 жылғы  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша пандемияға қарамастан жалпы ішкі өнімнің өсімі 4%-ды құрады.

Сондай-ақ  өткен жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша  сыртқы сауда айналымы 15,4%-ке өсіп,  91,4 млрд долларға жетті. Ал тауарлар экспорты  25%-ке артып,  54,5 млрд долларды құраса,  импорт көлемі 4,2%-ке өсіп,  шамамен 37 млрд доллар болған.

Белгілі болғандай, Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында жылдың басында Үкіметке шұғыл және жүйелі  108 тапсырма берген: қазірге дейін  44 тапсырма орындалды. Тағы 32 тапсырма аяқталуға жақын. Қалған 32 тапсырма жүйелі сипатқа ие және   қойылған мерзімдерде орындалған.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында логистика саласына халықаралық компанияларды тарту қажеттігін де айтты.

– «Кеден бекеттеріндегі қордаланған мәселелерді жедел шешу қажет. Бұл бюджет үшін айрықша маңызы бар сала. Тағы да қайталап айтамын, ондағы былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болуы мүмкін. Қытайдың статистикасы мен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 млрд доллар болуы соның дәлелі. Қазір Қытаймен арадағы кеден бекетінде 12 мыңнан астам көлік электронды кезекте тұр. Құзырлы экономикалық операторлардың заңсыз іс-әрекеті туралы бұған дейін де айттым. Олар кеденнен және басқа да бақылау органдарынан соншама жеңілдікті қалай алып отыр? Не себепті бұл мәселе назардан тыс қалған? Бұл сұрақтарға 10 күннің ішінде нақты әрі толық жауап күтемін», – деген Мемлекет басшысы саланың қызметін заң бойынша қатаң реттеуді тапсырды.

Ермек Сахариев
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785