Президент тапсырмасы толыққанды орындалады

Президент тапсырмасы толыққанды орындалады
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында 1-4 сынып оқушыларын 100 процент мектеп тамағымен қамту жоспарланған.
Мемлекет басшысының бұл бастамасы өз кезегінде балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз.
Президенттің 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы биыл оқу жылында толыққанды орындалмақ.
Бүгін Талас ауданы әкімінің орынбасары Айтолқын Серікқызымен бірге Талапты ауылында орналасқан Талапты орта мектебінде болып, ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуы мен сапасына да назар аудардық.
Тамақтану орнының тазалығын көріп, тамақ жасайтын аспаздарменк кездестік.
Жауапты мамандардың әр күндегі берілетін тамақ кестесін қарап, балалар қауіпсіздігіне баса назар аудару қажеттігі тағы да ескертілді.
МАҚСАТ-САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ
Бүгінгі күні білім беру саласы тың өзгерістерге толы. Білім беру әдісінің жаңаруынан басқа, құрылыс пен инфрақұрылымы жағынан да айтарлықтай жаңалықтар баршылық.
Прездентіміз әр Жолдауларында білім саласын ешқашан назардан тыс қалдырған емес.
Президенттің қолдауының арқасында педагогтардың жалақысы да едәуір артты. Әрине, мұнымен мұғалімнің еңбегіне толық баға беру мүмкін емес.
Олар балаларымызға білім беріп қана қоймай, әлеуетін ашуға, ерекше қасиеттерін анықтауға және бағыт-бағдар беруге көмектеседі.
Болашақ ғасырдың тұлғасын қалыптастыруда оған қажетті дағдыларды қалыптастыруға қызмет ету – кез келген мұғалімнің, ұстаздың басты міндеті, мақсаты болуы керек.
Десек, биылғы жылғы айтылған балалардың қауіпсіздігі, олардың толыққанды білім алулары үшін жағдай жасау қажеттілігі де білім саласының басты назарында.
Мақсат – сапалы білім беру
Президент тапсырмасы аясында тыңғылықты тірлік бастау алып та кетті.
Соның бірі Аққұм ауылындағы Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінің дұрыс тамақтануды ұйымдастыру барысы.
Осы жйне өзге де аталмыш мектепке қатысты өзекті мәселелер бүгінгі аралау барысында айтылып, балалардың білім алулары үшін тиімді жағдайлар жасалынуы жөнінде жаңаша көзқарастар ортаға салынды.
 
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы
09.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722