Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары аудиторлық палатаның биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындылары таныстырылды. Атап айтқанда, теміржолға баса назар аудара отырып, көлік саласына, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген. 

Жалпы сомасы 2,9 триллион теңге- ден астам қаржыны құрайтын 73 нысан тексерілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұм- салғаны анықталған. Әлихан Смайыловтың айтуынша, кемшіліктерді жою үшін көлік саласын дамыту, бюджеттік инвестициялық жо- баларды іске асыру, отандық фармацев- тика өнімдерін өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау тетігін қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірленді. Президентке мемлекеттік аудит жүй- есін реформалау жөніндегі ұсыныстар топтамасы таныстырылды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы- на биыл екінші жартыжылдықта жүр- гізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндалды. Тексеру жұмыстары Назар- баев Университеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметін, сот жүйесін, сондай-ақ ауылшаруашылығындағы, өңдеу өнер- кәсібіндегі және құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтиды. Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қара жаты мен мемлекет активтерінің пайда- ланылуын мүлтіксіз бақылауды қамта масыз етуді тапсырды. Сондай-ақ жалпы мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыруға ерекше мән беру ке- рек екенін айтты.

29.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14580
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13363
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16655
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15533
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20606