Президент Жолдауын іске асыру: Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды

Президент Жолдауын іске асыру: Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды

Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Ұлттық гидрогеология қызметі құрылды.

 

«Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. 

 

🔹 Қазіргі уақытта аталған Қызметті қайта құру мәселесімен айналысатын екі басқармасы бар Департамент құрылды. ҚР Үкіметінің қарауына ұсынылатын ұйымдастыру құрылымы мен жарғылық құжаттар әзірленді.

 

✔️ Су ресурстары және ирригация министрлігінің ұсынысына сәйкес, Ұлттық гидрогеология қызметі жер асты суларын басқару, іздеу-барлау жұмыстары және олардың мемлекеттік мониторингі саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті өкілеттіктерге ие болады. Жер асты суларын ұтымды пайдалану мәселелері ерекше бақылауда болады.

 

✔️ Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов болжам бойынша Қазақстандағы жер асты суларының қоры шамамен 40 текше километрді құрайтынын, оның 15 текше километрі қазіргі таңда пайдалануға дайын екенін атап өтті. Бүгінде ел экономикасында бұл ресурстардың 7-10%-ы ғана қолданылады. Министрліктің жоспарында – ауызсумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жерлерін суару және жайылымдық мал шаруашылығын қолдау үшін жер асты суларын белсенді түрде пайдалану, бұл ретте қорлардың сарқылуына және ластануына жол бермеу үшін қатаң бақылау қамтамасыз етілетін болады.

 

🔺 Президенттің бастамасы Қазақстанның орнықты дамуы үшін су ресурстарын басқарудың стратегиялық маңызын көрсетеді, бұл еліміздің ішкі қажеттіліктеріне және жаһандық экологиялық сын-тегеуріндерге сәйкес келеді.

 

📱 https://t.me/KZgovernment

29.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Осындай әулиеге де орын  таппадық...»
Қажымұқан Ғабдолла - 16.10.2025 29
Еуразия тарихындағы қазақ мемлекеті және Ақпан батыр
Самат ӨТЕНИЯЗОВ, т.ғ.к. әл-Фараби және Мадрид университеттерінің профессоры - 16.10.2025 27
Халқының Нұрғисасына деген махаббаты
Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА - 16.10.2025 28
Абаттандыру мен әлеуметтік мәселе назарда болады
Арайлы жақсылық, Жамбыл облысы - 16.10.2025 51
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 67
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 71

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18761
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18625
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33793
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32336
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36140