ПРЕЗИДЕНТКЕ АЙТАРЫМ КӨП ЕДІ…

ПРЕЗИДЕНТКЕ АЙТАРЫМ КӨП ЕДІ…

Редактордың айтары бар 

Жуырда журналистер үшін буырқанған сезімдердің асып-төгілген, мерейлері тасыған шуақты сәттерге толы болды. Марапаттар алып жатты, баспана иемденіп жатқандар да баршылық.  Ең бастысы әрі-бері жылжып тұратын Баспасөз қызметкерлерінің күні Президенттің арнайы жарлығымен 28 маусым күні болып бекітілгені жақсы болды. Журналистер үшін тағы бір мереке барын ұмытпайық. Ол ұлттық баспасөзіміздің бастауында тұрған «Қазақ» газетінің жарық көрген күн 2 ақпан «Ұлттық баспасөз» күні болғанын естеріңізге салып қояйын.

Бейсенбі күні Ақордаға бүкіл теледидар, әлеуметтік желілер тікелей көз тікті. Себебі бұл күні Мемлекет басшысы тұңғыш рет бір топ журналистерді марапаттады. Әрқилы марапаттар алатын журналистер республикамыздың түкпір-түкпірінен келді. Журналистиканың ақсақалы ретінде маған сөз беруге пейіл танытты. Бірақ ішкі жан дүниемдегі айтатын көкейтесті мәселелер айқұлақтанып «мені айт, мені айт!» деп сыртқа лап берді. Ау, Президенттің алдына шығып, күнде сөйлеп жатқан жоқсың ғой. Осындайда айтпағанда қай жерде айтасың? «Әттең, тонның келтесі-ай!..»  – дедім өкініп. «Аға, сізге не болды, толқып кеттіңіз бе?» – деді інілерім менің бетіме, сөзіме қарап. Олар қайдан білсін менің ішкі жан дүниемнің буырқанып жатқанын. Сөйледім. Ауыл туралы айттым. Журналистердің баспанасының қиын екенін жеткіздім. Олардың жартымсыз айлықтары ше? Алайда алға жылжу барын қалай айтпассың?! Бәріміздің көкейімізде жүрген жемқорлық жайлы, ұлттық құндылықтар туралы Президент өз сөзіне тиек етті. Бірақ өміріміздің барлық салаларын қамтып, жегідей жеп жатқан жемқорлар неге күн санап көбейіп барады? Отыз жылдай өзінің елінің, мемлекетінің қазынасын, байлығын тонағандар неге талтаңдап жүр? Ана тіліміздің мүшкіл жағдайы қашан түзеледі? Кімге жалтақтаймыз? 

Президенттің Әділетті Қазақстанды құру туралы тамаша идеясы барын айтып, «Тайсалмай жалғастырыңыз. Қорықпаңыз! Біз сізбен біргеміз!» – дедім. Осы Әділетті Қазақстанды құру мәселесінде бәрі жатыр. Тек ол сөз жүзінде қалмаса екен. Әділетсіздіктер әзірге арам шөптей қаулап көбейіп барады. Оған жалғыз Президенттің шамасы жетпейді. Халық пен биліктің арасындағы алтын көпір болып тұрған баспасөз беттерінде талай көкейтесті мәселелер жазылып жатыр. Ірілі-ұсақты шенеуніктер қазір газет оқымайды. Оқып, ол көкейтесті мәселелерді шешсе, шіркін!

Бір қуанышты хабар Масс-Медиа (бұрынғы БАҚ осылай өзгертіліпті) туралы заң шықты. Сыни пікірлерді тиісті орындарға жіберсеңіз, 5-ақ күнде жауап бері-ліп, тексеру жүргізеді. Бұл жақсы нышан. 

Тағы  да  әріптестерімді  өткен  төл  мерекелерімен құттықтаймын.  Әділетті  Қазақстанды  бірге   құрайық!

 

 

 

Ертай Айғалиұлы
10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 68
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 707
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8764
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11392
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9146
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10377