Прокуратура актісімен Тараз қаласында жылу қуатының тарифі төмендеді

Прокуратура актісімен Тараз қаласында жылу қуатының тарифі төмендеді

Тараз қаласының прокуратурасы «ТаразТрансЭнерго» ШЖҚ МКК қызметінде 58,4 млн теңге сомасына инвестициялық бағдарламаның шарттарын орындамау фактісін анықтады.

Жыл сайын кәсіпорында жылу желілерін, аспаптарды және басқа жабдықтарды жаңарту жоспары жасалады.

Аталған мақсатта жылу қуатын тұтынғаны үшін халықтан түсетін қаражат пайдаланылады.

Алайда мекеме тарапынан  М-3 қалалық магистральін жаңарту бойынша жылдық жоспар орындалмаған.

Бұл ретте Тараз қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша монополияға қарсы органымен өтемақы тарифі енгізілді.

Нәтижесінде 1 441 абонент пен 225 кәсіпкер үшін жылыту тарифі м3 үшін 2 348,71 теңгеден 2 232,83 теңгеге дейін 4,9% — ға төмендеді.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін «ТаразТрансЭнерго» МКК-на  552 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды (ӘҚБтК 164-бабының 4-бөлігімен).

Ақ жол газеті
07.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14432
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14350
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29496
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28127
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31661