ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛД

ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛД
6 желтоқсан - елімізде прокуратура қызметкерлерінің күні екені белгілі. Бұл өмірін осы салаға арнаған, әділдік жолында адал еңбек етіп келе жатқан жандардың еңбектеріне алғыс айтылып, қызметтеріне құрмет көрсетілетін күн.
Атаулы күнге орай, Ата Заңымыздың қағидаларын жүзеге асыру, адамдардың құқық­тары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекет мүддесін қорғау жолында қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан ауданымыздағы прокуратура қызметкерлерімен аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков кездесіп, мерекелерімен құттықтады.
Бұл салаға әрине, Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүддесін қолдау сынды маңызды міндеттер жүктелген. Әрі Прокуратура мемлекеттің жоғары қадағалау органы болғандықтан, заң үстемдігі, құқық тәртібі, жалпы қолданыстағы заңдылықты қадағалау басты функционалдық міндеті болып саналатынын баршамыз жақсы білеміз. Ал, бұл мақсаттарға қол жеткізу мәселесі прокурорлық қадағалаудың қарышты даму жолымен жүзеге асатыны белгілі.
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Тәуелсіз еліміздің прокуратура саласындағы жауапты қызметтеріңізге жеміс, әрқашан биік тұғыр тілейміз!
Шу ауданы әкімдігі
06.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14430
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14349
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29496
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28126
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31660