Қай мамандық иесі болсын, еңбегіне сай жалақы алғанды құп көреді. Бірақ барлық елде экономиканың дамуы бірдей емес қой. Бір ел мұғалімдерді жоғары мәртебелі мамандықтың қатарына қояйса, екінші ел мүмкіндігінше ұстаздарға жағдай жасауға тырысады. Жалпы, қалай десек те, мұғалімдер жалақысының аз-көптігі бірқатар факторларға байланысты екендігін ашып айтқан жөн. Ол ең алдымен, ұстаздың кәсібилігіне, оның оқу жүктемесіне, оқу орнының рейтингіне, еңбек өтілі мен білім ордасының мықтылығына қатысты десек, артық айтпаймыз. «2020-2021 оқу жылында әлем бойынша қай мемлекеттің мұғалімдері көп жалақы алады?» – деген сауалға әлемдік дереккөздер төмендегідей ақпарат ұсынады.
Мәселен, Швейцария мұғалімдері ай сайын 6240 доллар жалақы алады екен. Тізімді одан әрі жалғасақ, Данияда – 6190; Люксембургте – 5850; Норвегияда – 5450; Исландияда – 5430; Германияда – 4390; Жапонияда – 3990; Бельгияда – 3900; АҚШ-та – 3900; Финляндияда – 3900 доллар жалақы алады. Кестеден байқағандарыңыздай, Люксембург мұғалімдері әлемде ең жоғары жалақы алады. Айлығы – 5850 евро шамасында. Ел ұстаздары элиталық топтың құрамына жатады. Сондықтан Люксембургте мұғалім болу оңай емес. Негізгі талап люксембург тілін білу керек. Бәсекелестік өте жоғары. Негізінен 40 жасқа дейінгілер ғана мұғалім бола алады. Германияда негізгі талап неміс – тілін білу қажет. Неміс мұғалімдерінің алатын айлығы – 4390 евро. Германияда мұғалім мамандығы мәртебелі саналады. Мұғалім Жапонияда ең құрметті мамандық. Мұғалімге кез келген адам тұрып сәлем береді, ізет білдіреді. Ұстаздар арасында бәсекелестік өте жоғары. Бір орынға 20 орыннан келеді. АҚШ-та ұстаздың айлығы қай аймақта жұмыс істегеніне байланысты. Мысалы, Оңтүстік Дакотада – 3210 доллар болса, Нью-Йорк, Калифорнияда ұстаздар ай сайын – 7510 доллар жалақы алады. Ал орташа есеппен алғанда АҚШ-тағы мұғалімдердің жалақысы 3 900 доллар шамасында. Францияда мұғалімдер елдің орта табына жатады. Олардың айлығы шамамен 3300 доллар шамасында.
Енді Қазақстандағы эағдайға келейік. Қазақстанда да педагогикалық бағытта білім сапасын арттыру бағытында іргелі реформалар жүргізілуде. Бұл орайда министр Асхат Аймағамбетовтың жаңашылдығын атап өту орынды. Өйткені тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы заң» қабылданды. 2020 жылы дайындықтың педагогикалық бағытына түсу үшін шекті балл 60-тан 70-ке дейін, 2021 жылы 75-ке дейін көтерілді. Соған қарамастан педагог болғысы келетін жас түлектердің саны жыл сайын артып келеді. Бұрын мектеп директорлары бір орында 15-20 жыл отыратын болса, енді 5 жылдан артық басқару қызметінде бола алмайды. Мектепке тұрғысы келетін мұғалімдер енді директор арқылы емес, білім бөлімі арқылы жұмысқа орналасады. Айта кету керек, Қазақстанда да мұғалімдердің жалақысы жыл сайын көтеріліп келеді. Мысалы, Қазақстанның 5 аймағындағы мұғалімдердің жалақысы республикадағы орташа еңбекақыдан асады. Бір жыл ішінде білім саласы қызметкерлерінің жалақысы бірден 27 пайызға артқан. 2021 жылдың екінші тоқсанында мұғалімдердің орташа айлық жалақысы 233,9 мың теңгеге жеткен. Бұл былтырғымен салыстырғанда 26,8 пайызға көп. Балабақша қызметкерлері орта есеппен 116,4 мың теңге, бастауыш білім – 193,4 мың теңге, орта білім – 273,7 мың теңге, жоғары білім 251,7 мың теңге жалақы алады. Өңірлер арасында ең жоғары жалақы елордалық мұғалімдерде – 350,8 мың теңге. Екінші және үшінші орындарға Маңғыстау облысы (268 мың теңге) мен Алматы қаласы (265,5 мың теңге). Сондай-ақ үздік бестікке Қызылорда мен Алматы облыстары кіреді. Алдағы 3 жылда мұғалімдердің жалақысын әр жыл сайын 25 пайызға арттыру көзделіп отыр.