Қайыр сұраған ана мен бала

Қайыр сұраған  ана мен бала

Қала көшелерінде қайыр сұрап тұрған баланы немесе құшағына сәбиін қысқан ананы көргенде не ойлайсыз? Аяушылық па? Ашулану ма? Әлде көз салмай жүре бересіз бе? Бұл адамдардың тағдыры сізге қатысы жоқтай көрінер, бірақ олар – қоғамның бүгінгі бет-бейнесі, оның көлеңкеде қалған бөлігі. 

Қоғамның басым көпшілігі бұл кісілерді көшеде көрген кезде, олардың бұл жағдайға өз таңдауларымен келгендей қабылдаймыз. «Жұмыс істегісі келмейді», «Алаяқтар», «Арнайы ұйымдастырылған топ» деген ой санада жылт етеді. Бірақ шындық бұдан әлдеқайда күрделі болуы мүмкін. Ол кісілердің осы жағдайды бастарынан өткергені үшін бірнеше себептер қарастырылған. Осыған орай базар маңында немесе мешіт ғимаратының алдында тұрған қайыр сұраған балалар мен әйелдердің осы жағдайға не себеппен түскендерін баяндап берді. Бірінші кезекте, отбасылық зорлық-зомбылық, қысым. 

 

Кейбір балалар мен әйелдер үйдегі қорлыққа шыдамай, далада күн көруге мәжбүр болған. Барар жер жоқ, амалсыздан қайыр сұрау соңғы әрі дара шешім. Тағы, кедейлік мен әлеуметтік әділетсіздік басты себептердің бірі деп есептеуге келеді. Экономикалық қиындықтардың кесірінен осындай күйге түскен. Көптеген жұмыс орындарда жас ерекшеліктері мен дәрежеге байланысты ұжым арасында айырмашылықтар болады. Жасы келіп қалған, денсаулығы сыр берген, білімі жоқ адамды қайтеміз деп «сізге кейін хабарласамыз» деп жылы жауып қоя береді.

 

Содан, ата-аналар жұмыссыз қалса, балалар да осы өмірді бөлісуге мәжбүр. Сонымен қатар, жетімдік пен мемлекет қамқорлығынан тыс қалу. Жетімдер үйінен шыққан жастарды қоғам бірден қабылдай қоймайды. Олардың баспанасы жоқ, тұрақты табыс көзі жоқ, ал өмір сүру үшін, амал жоқ, көше кезуге мәжбүр.

Олар осындай жағдайларда білімнен, балалық шақтың қуанышынан айырылып, ерте жастан қиындыққа тап болады. Тиын-тебен сұрап жүрген балаларды көру, әрине, жүректі ауыртады. 

Орыстардың сөзі бойынша «есть и другая сторона медали» дегендей, бұл жағдайдың да екінші қыры бар. Жоғарыда аталғандай, қоғам пікірі бұл ситуацияда екі жаққа айырылады. «Алаяқтар» деп атаулары да бекер емес, себебі кейбіреулер қайыршылықты табыс көзіне айналдырған. Мұндай адамдар көпшіліктің мейірімін, қайырымдылығын пайдаланып, қолдан жасалған қиын жағдайды көрсетіп, қайыр сұрайды. Кейбірі өздерін ауыр науқаспын деп таныстырып, жалған медициналық анықтамалар көрсетсе, енді бірі кішкентай балаларды немесе мүгедек жандарды пайдаланып, жұрттың аяушылығын тудырады. Қоғамдағы мұндай мәселелермен күресу үшін құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтер белсенді жұмыс істеуі керек. Ең бастысы – әрбір азамат саналы әрекет етіп, тек шынайы мұқтаж жандарға көмектесуді үйренуі қажет.

 

Қорыта айтқанда, егер шын мұқтаж адамды кезіктерер болсақ, барынша көмек қолын созуға тырысайықшы. Себебі, қайыр сұраған балалар – біздің қоғамның айнасы. Оларды көшеде қараусыз қалдырмай, қол ұшын созу – әр азаматтың міндеті. Бірақ ең бастысы – бұл мәселенің түпкі себебін жойып, барлық баланың бақытты балалық шақ кешуіне жағдай жасау. Иә, егер сәбиімен жас ананы, аязда дірдектеп тұрған балаларды көргіңіз келсе, жұма күні мешітке келіңіз. Біз де барып көрдік. Сәлемдестік, жөн сұрастық. Қорытындысында осы мақаланы жүрегіміз ауырып отырып әрең жаздық. 

Камила СЕРІКҚЫЗЫ
21.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 15549
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 14314
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 17616
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 16498
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 21531