ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ТҮРКІСТАНДЫҚ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

 ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ТҮРКІСТАНДЫҚ ОТБАСЫҒА  БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Бүгін Түркістанда кезекті игі істің нәтижесінде тағы бір отбасы баспаналы болды. Әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыға «Үлес» қайырымдылық қорының мүшелері бірігіп, үй сыйлады.
Жаңа үйді табыстауға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық Аналар алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева қатысты.
Игі шарада құттықтау сөз алған Жарылқасын Әзіретбергенов аталық батасын беріп, жылы лебізін арнады.
Айта кетейік, «Үлес» қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаровтың айтуынша, бұл – 40-шы отбасының қуанышы. Үйдің иесі мен жары – ІІ топтағы мүгедектер. Олар ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1163
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7212
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11075
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7276
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7423