🔰Қала әкімі қолөнершілермен кездесті

🔰Қала әкімі қолөнершілермен кездесті
🔹Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қолөнершілермен кездесті. Әуелі шаһар басшысы аталған жиынның маңыздылығына айрықша тоқталды.
– Өздеріңізге белгілі, 2022 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Тараз қаласы аккредиттеуден сәтті өтіп, 56-шы болып Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие болды.
Киелі Тараз ежелден Ұлы Жібек жолындағы қолөнер және сауда орталықтарының бірі болған. Айта кетейік, еліміздің бүгінгі күнге дейін бірде-бір қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енгізілмеген. Тараз қаласы осы тізімге өзінің үлкен туристік және қолөнершілік әлеуетінің арқасында республика бойынша бірінші болып еніп, осындай үлкен құрмет пен мәртебеге ие болып отыр. Бұл мәртебені сақтап қалу үшін ұлттық қолөнерді дамытып, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсетіп, олардың жасаған бұйымдарын халық арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Осы игі бастамаға шын жанашырлық танытып, біздің қолөнершілер өз үлестеріңізді қосып келесіздер, – деген қала әкімі қолөнерді дамыту бойынша алда атқарылатын жұмыстар жөнінде де баяндады.
🔹Айталық, ағымдағы жылы Қала күніне орай «Киіз Fеst» байқауы мен Республика күні қарсаңында «Ұлы дала өрнектері» тұскиіздер фестивалін ұйымдастыру жоспарлануда.
Бұдан кейін өнертанушы, доцент, техника ғылымдарының кандидаты, белгілі дизайнер, «АSPARA FASHION WEEK» сән апталығының президенті, «Асыл-Дизайн» сән үйі мен «Аспара» модельдік өнер және бизнес колледжінің негізін қалаушы Айдархан Қалиев бастаған қолөнер шеберлері өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
📌Өз кезегінде шаһар басшысы барлық ұсыныстар назарға алынып, сол бойынша жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ қолөнершілердің жұмысын үйлестіру үшін арнайы комиссия құрылды.
Тараз қаласының әкімдігі
07.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 275
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 492
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756