Қаланың жасыл желекті талдарымен көмкеріліп, әсем гүлдерге орануы көздің жауын алатын көрініс.
«Жасыл Ел – Тараз» жұмысшылары күн сайын қаладағы тазалық жұмысын тыңғылықты атқаруда. Еңбек адамдары шаһардағы мәдени орындар мен саябақтардың тазалығына жауапкершілікпен қарайды.
Алайда, Табиғат-ананың тазалығына немқұрайлы қарайтын қала тұрғындары азаяр емес. Тазалыққа салғырт қарайтын кейбір тұрғындар өз ауласын қоқыс жәшігіне айналдырған. Ортақ борышты өзгеге ысырып, жауапкершіліктен жалтару әдеті белең алып барады. Осы орайда, қала тазалығы – өркениеттің өлшемі екенін естен шығармайық.