Қалаға қамқорлық – маңызды мәселе

Қалаға қамқорлық – маңызды мәселе

Орал шаһары жыл санап көркейіп, гүлденіп келеді. Осы ретте жасыл қала тұрғындарының жайлы өмір сүруіне бағытталған жүйелі жұмыстар өз жалғасын табуда. 

Солардың бірі – аулаларды абаттандыру іс-шаралары. Қалалық әкімдік мамандары мәлім еткендей, 2007-2019 жылдар аралығында облыс орталығындағы 300 аула жөндеуден өткен екен. Ал соңғы үш жылдың көлемінде 357 аула абаттандырылған. Бұл – қаланың көркейіп, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру жолында жасалған маңызды қадамдардың бірі. 

2023-2024 жылдарға арналған «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы аясында бүгінде 24 ауланы жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар биыл «Халықтық қатысу бюджеті» арқылы тұрғындар ұсынған бірнеше жобалар іске аса бастаған. Олардың қатарында Гагарин көшесін абаттандыру мен көгалдандыру, «Жаңа орда» шағынауданындағы №15 үй маңындағы шағын алаңды абаттандыру, Ғ.Құрманғалиев көшесінің кіреберісіне демалыс бұрышын жасақтау, Ружейников көшесіндегі №10 үйдің жанындағы алаңды абаттандыру, сондай-ақ қала іргесіндегі Меловые горки ауылында балалар мен спорт алаңдарын ұйымдастыру және хоккей алаңын салу жұмыстарын атап өтуге болады. Аталған жобаларды «Братья» ЖШС мердігер компаниясы жүзеге асыруда. 

Тарихи қаланың тағы бір ерекшелігі – жайқалған тал-теректері. Көктемгі ағаш отырғызу науқанында жасыл желектер 19 мыңға тарта ағашпен толығыпты. Тағы бір айта кетерлігі, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында санитарлық тазалық пен көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Мұндай экологиялық акциялар – қаланың көркі мен таза ортасын сақтауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

БҚО Орал қаласы

 

31.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 320
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 466
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 313
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 165

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18231
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18091
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33279
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31829
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35535