ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының келісімімен және Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысының бұйрығымен  Мақсат Болатқұлұлы Шәймерден Шу қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы болып тағайындалды.  Жаңа басшыны бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Нариман Абай ұжымға таныстырып,  алдағы қызметіне сәттілік тіледі. 

Шәймерден Мақсат Болатқұлұлы - 1990 жылдың 27 маусым күні Жамбыл облысында дүниеге келген. 

2006 жылы М.Мақатаев атындағы орта мектепті тәмәмдап,  2019 жылы Тараз қаласындағы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын  2020 жылы  Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-інде бизнес тренер болып бастаған. 

2021 жылдан бері  аталған мекеменің "Ұйымдастыру және бақылау" бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген. 

2013 жылдан " Шу-Чу" жайдарман командасына  жетекшілік қызметін атқарып келеді. 

Үйленген. 2 қыз тәрбиелеп отыр.         

Шу ауданы әкімдігі
30.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14341
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14270
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29411
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28049
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31578