Қалам қайраткеріне тағзым

Қалам қайраткеріне тағзым

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында «Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз, өнеге өміріңе еліктейміз!» атауымен патриоттық кеш өтті. «Қаламгердің шоқтығы биік шығармалары» тақырыбында шымылдығын ашқан кеш Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қаламгер, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесінен басталды.

Көрмеге зиялы қауым өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасы, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Көрмеге Кемел Тоқаевтың 5 және 2 томдық шығармалар жинағы қойылды. Кітап көрмесімен таныстыру барысында кітапхана қызметкерлері Кемел Тоқаевтың алғашқы еңбек жолы журналистикадан басталғанын, жиырмаға толар-толмас шағында соғысқа аттанғанын, 26-атқыштар дивизиясында, кейін 7-гвардиялық танк полкінің құрамында Сталинградты, Беларусь, Украина жерлерін азат етуге қатысқанын баяндады.

Айта кетейік, болашақ жазушы 1948 жылы оқуды бітіріп, «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жауапты қызметтер атқарып, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі «Ведомостінде» бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді. Жазушының 10-нан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылса, тұңғыш әңгімелер жинағы 1954 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан «Жұлдызды жорық» деген атаумен жарық көрді. Майдангердің «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма» және тағы басқа шығармалары бар. Қазақ қаламгерлері арасынан бірінші болып детектив жанрында қалам тартқан жазушының «Соңғы соққы», «Солдат алысқа кетті» романдары әдебиетіміздің алтын қорына енген.
Кеш соңында қатысушылар туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы жолында жанын қиған боздақтардың ерлігі жадында мәңгі сақталатынын айтып, ардагерлерге алғысын жеткізді.

Есен ӨТЕУЛІ, Ақ жол газеті
13.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9176
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8574
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11802
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9572
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10782