ҚАЛДЫҚТАРҒА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА!

ҚАЛДЫҚТАРҒА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА!

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның міндеттерінің бірі – өңір жұртшылығы мен қоғамды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі жұмыс туралы хабардар ету.

Осы мақсатта «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ластанған аумақтарды тазарту жұмыстарын кеңірек көрсету үшін баспасөз турын ұйымдастырды. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Экология министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында «тарихи» ластанған аумақтарды тазарту, жою және рекультивациялау бойынша меморандумға қол қойылды. 

 

Баспасөз турына жергілікті және республикалық БАҚ журналистері, мемлекеттік органдардың өкілдері, Маңғыстау облысының экология департаментінің басшылығы қатысты. Баспасөз туры барысында қатысушыларға рекультивацияға арналған топырақты өңдеудің толық процесі, сондай-ақ осы процесте қолданылатын технологиялар мен жабдықтар көрнекі түрде көрсетілді.

"Біздің компания жариялылыққа ұмтылады және сіз өз көзіңізбен ластанған аумақтарды тазарту мен қайта өңдеудің барлық процесін, сондай-ақ техникалық рекультивация жүргізілгеннен кейін қайта өңделген топырақты пайдалану процесін көре аласыз. Мердігердің өз бастамасы бойынша тазартылған және қалпына келтірілген аумақтарда жасыл желектер отырғызылады. Жалпы, болашақта біздің компания өз кенорындарында жасыл оазис құруды мақсат етеді", - деп атап өтті журналистерге берген сұхбатында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Мұрат Мұстафаев.

Өз кезегінде Маңғыстау облысының экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на ашықтығы үшін алғыс айтып, компанияның баспасөз турын екінші рет өткізіп отырғанын атап өтті.

Бірінші баспасөз туры кезінде 2021 жылы мұнай қалдықтары бар 10 полигонды тазарту және жою жұмыстары көрсетілді, Осы баспасөз туры барысында меморандумды орындау бойынша жұмыстар көрсетілді. Компания экология саласындағы өз көрсеткіштерін әрқашан мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың алдында белсенді түрде ашық жариялайды. 

"Маңғыстау облысының экология департаменті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы мен экологтардың жұмыс нәтижелеріне жоғары баға беріп отыр, компанияға қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауды және осындай екпінмен жұмысын жалғастыра беруіне тілектестігімді білдіремін", - деді Руслан Төкенов.

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына ашықтығы үшін, БАҚ-ты өз жұмысын көрсетуге шақырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді", - деді "Atameken Business Channel" телеарнасының Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі Жанар Масугутова.

Журналистердің өз көздерімен ластанған аумақтарды тазарту бойынша жұмыс процесін көріп, халыққа жеткізуі өте маңызды. Бүгін оған біздің көзіміз жетті, сондықтан компанияға тағы да алғысымызды білдіреміз, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бастамасына басқа да ірі ұйымдар да қосылады деп үміттенеміз.

 

Дайындаған

Кәмшат Айбергенқызы, 

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

13.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 73
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 110
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 111
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 73
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 219
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 224
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 438
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 402

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9095
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8494
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11721
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9487
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10702