ҚАНАТБЕК МӘДІБЕККЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА

ҚАНАТБЕК МӘДІБЕККЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА

 

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. Егілген жеміс ағашының жемістерін тек адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе, сауап болады. Осындай сауапты істі жүзеге асырып, ауылдық жерден алма бағын жасаған  қазіргі Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібекке ауылдықтар әлі күнге дән риза.

Дәл осы туралы фейсбук әлеуметтік желі парақшасында Қарлыгаш Тайжанова былай деп жазады:

“Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек 2013 жылы 20 жылдық мектеп бітіруші түлегі ретінде Сарысу орта мектебіне жоғары сортты алма көшеттерін сыйға тартып, алма бағы жасалды.

Сол жылдары Сарысу ауданының әкімі, туған жерінің көгеріп, көркеюіне үлесін қосқан игі жұмыстарының бірі еді.

Халқымыздың “Атадан мал қалғанша, тал қалсын” деп жеміс талының рухани пайдасы зор.

Алма бағы 4-5 жыл болды жемісін беруде. Ауылымыздың тұрғындары Қанатбек Қайшыбекұлына Алғыстарын айтуда”

(Алма бағының суреттері қазіргі суреттер. Ал, Қ.Мәдібек бар сурет, Сарысу ауданының әкімі болған тұста,  2009 жылы түсірген сурет)

 

Дариха Үмбетиярова
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6508
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6638
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21618
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20231
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23716