Қандастар жылап кетіп жатыр

Қандастар жылап кетіп жатыр

«Суретте жалғыз ұлымды Қазақстанға апарып оқытам» деп, тәуекелге бел буып, дүние-мүлкін тастап елге жеткен қайран әке... «Бураханды таптық, енді визамыз шешіледі» деп көңілдері көтеріліп тұрған сәт... 

 

Ағайын, елге келген қандас тағы бір қиындыққа тап болды. Осыдан біраз уақыт бұрын Үкімет қандасқа виза алуға «Қазтест тапсырсын» деген еді, улап-шулап, бір құлап, бір жығылып әйтеуір қандастар ақырындап өтіп жатыр. Дегенмен виза небары үш ай ғана. Үш айда электронды сауалнама өтуі керек. Яғни Үкімет іріктеп, қандастарды мал таңдағандай таңдап қабылдауды шешкенге ұқсайды. Енді, сауалнамадан өтіп, ықтияр хат алу үшін кемі 600 балл керек. Университет бітірсең – 200 балл, елде қан туысқаның болса – 100 балл, сотталмаған қағаз, шығу парағы болу керек дегендей... Ал Қытайдан келетін 10 адамның 7-еуі сотталмаған қағаз, 10 адамның 9-ы шығу парағын ала алмайды. Өйткені бәрі дерлік Қытайдан саяхат визамен, яғни елге қонаққа бара жатырмыз деп келіп жатыр. Оның үстіне өмір бойы мал шаруашылығымен айналысқан адамда қайдағы диплом, дипломы болса мал бағып несі бар? 

Қысқасы, Үкімет, қандас бағдарламасының негізгі бағыты шекаралық аумақтарға адам қоныстандыру екенін ескере отырып, тіке Солтүстікке, яғни Үкімет белгілеген аймаққа көшіп баратын қандасқа – 100 балл, шотында үй сатып ала алатын 4 миллионнан жоғары ақшасы болса – 150 балл, малшы, мал дәрігері, мал шаруашылығы маманы болса – 200 балл, диқан, тракторшы, жүк көлігін жүргізуші болса – 250 балл деп ресми бекітіп берсе. Онда мына оңтүстікте құжаттарын бітіре алмай жүрген мыңдаған қандас бір жылдың ішінде солтүстікке тұрақтайды. Толады. Тағы бір айта кетер нәрсе, соттылығы бар адамды, қарызы бар адамды Қытай өлсе де сыртқа шығармайды. Демек, осы мәселені ескеру керек деп ойлаймын. 

Қолдаңыздаршы, ағайын! Қандастар жылап кетіп жатыр мұнда. 

Оу, еститін жаңа Үкімет, жаңа Құрылтай, біздің мұңды тыңдайтын қайсысың бар? 

 

Құрметпен, көші-қонмен айналысатын «TAUEKEL» ұйымының басшысы

Бурахан ДАҚАНОВ

 

23.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27921
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27412
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44773
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40461
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45095