ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ЕГУДІҢ ҚЫР-СЫРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ЕГУДІҢ ҚЫР-СЫРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
Күні кеше ауданымызда Меркі қант зауыты мен Шу ауданы әкімдігінің қолдауымен қант қызылшасын өсіру мен одан табыс табуға қатысты оқыту семинары бастау алды. Тәтті түбірден көл-көсір табыс табудың жолын көрсететін оқытуға ауданымыздағы қант қызылшасын егуге ниетті шаруалар, халық қалаулылары, ауыл әкімдері және көрші ауданның шаруа қожалық иелері қатысуда. Сондай-ақ, Меркі қант зауытының директоры Н.Қарғабаев та семинарға қатысып, өз білгенімен бөлісті.
Семинар барысында білікті мамандар, қант қызылшасынан алынған өнім көлемі бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізген шаруалар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызылша егудің қалтарыс-бұлтарыстарын, одан табыс табудың тиімді жолдарын атап өтті. Біздің мақсатымыз – осы. Яғни, аудан тұрғындарына қант қызылшасынан түсетін табыстың және бұл бағытқа мемлекет тарапынан қолдаудың үлкен болып отырғанын түсіндіру. Ең маңыздысы - тұрғындар тәтті түбірдің стратегиялық маңызы зор шикізат екенін және бұл өнімге сұраныстың жоғары екенін білуі қажет.
Айта кету керек, аталған оқу семинары ауданымызда 4 ай бойы жалғасатын болады. Осы аралықта шаруалар қант қызылшасын өсіру бойынша 12 сабаққа қатысып, біліктіліктерін арттырып, тың ақпараттарға қол жеткізбек. Сондай-ақ, дәл осы бағытта үлкен көрсеткіштерге қол жеткізген шаруалармен еркін форматта сұрақ-жауап алмасады. Бүгінгі семинарда да білікті мамандарға түрлі сауалдар қойылды. Одан бөлек, шаруалар Меркі қант зауытының басшылығына Шу қаласынан қызылша қабылдау пунктін ашу туралы ұсыныстарын да жеткізді.
Бұның барлығын бүге-шүгесіне дейін жазып отырған себебіміз – қант қызылшасы алқаптарын молайту мен тәтті түбірді молынан себу үшін аудандағы жер жағдайының жеткілікті екенін түсіндіру болатын. Қызылшаның тамыры суды көп қажет ететін дақылдарға жататындықтан, өңірдегі су ресурсы да жеткілікті екенін айта кету керек. Оның үстіне егіс алқабына бұрынғыдай суды жайып жіберіп, ысырап қылудың да еш қажеті жоқ. Қазіргі кезде тамшылатып, жаңбырлатып суару технологиялары арқылы суды үнемдеп пайдалануға әбден болады. Сол себепті де қант қызылшасын егуге бетбұрыс жасауға шақырамыз.
Шу ауданы әкімдігі
21.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 52
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 97
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 100
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 208
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 213
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 425
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 390

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9083
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8481
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11709
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9475
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10689