«Қаңтар Наурызға ұласуы мүмкін». Депутат сайлаудың әділ өтуіне қатысты ұсыныс айтты

«Қаңтар Наурызға ұласуы мүмкін». Депутат сайлаудың әділ өтуіне қатысты ұсыныс айтты

Барлық уақытта берілген ұсыныстар үнемі мемлекеттік органдар мен билік партиясының қарсылығымен өтпей келеді

Парламент сайлауы кезінде бұрынғыдай бұрмалау болса, Қаңтардың Наурызға, Сәуірге ұласып кетуі бек мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаты Қазыбек Иса Үкімет басышысына жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлады Halyq Uniтілшісі.

Депутаттың айтуынша, мемлекет басшысы жариялаған әділетті Қазақстанның басты талабы – әділ сайлау болуы тиіс.

Әділдік туралы айтқанда, біз ең алдымен бұдан бір жыл бұрынғы Қаңтар қасіретінен қандай сабақ алдық? Қандай қорытынды шығардық? Мұның бәрін алдымыздағы Парламент сайлауы көрсетеді! Иә, сайлау әділ де, ашық өтуі тиіс! Егер бұрынғыдай бұрмалау болса, Қаңтардың Наурызға, Сәуірге ұласып кетуі бек мүмкін. Қаңтарда халықтың көтерілуіне газ бағасының өсуі себеп болса, енді елдің ереуілге шығуына өтірік сайлаудың жалған пайызы себеп болуы әбден мүмкін. Яғни, мемлекеттің тағдыры биліктің әділдігіне байланысты өз қолында тұр! – деді Қазыбек Иса.

Ол мемлекет әділ болуы үшін ең алдымен сайлау әділ болуы тиіс екендігін жеткізді.

Біз бұның бәрін қауіп еткеннен айтып жатырмыз. Себебі бұған дейінгі Парламент сайлауларының қалай өткенін өте жақсы білеміз. Яғни, «Сайлау маңызды емес, санау маңызды болған» талай сайлауды бастан өткіздік. Осы 30 жыл бойы Үкімет басшыларынан бастап, әкім, министрлеріне дейін сотталып жатса да билік партиясы Нұр Отанның сайлау сайын 80-90 пайыз дауыс алып келгеніне кім сенеді? Біреу сене ме? Өздері де сенбейтіні анық, – деді депутат.

Осыған байланысты ол сайлау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынды. Сонымен қатар, сайлау туралы Заңға сәйкес, дауыстарды санау кезінде, бақылаушыларға, әр бюллетень, сайлаушының белгісін нақты ажыратуға мүмкіндік беретін жақын арақашықтықтан көрсетілуі керек. Бейнемониторинг жүргізілген жағдайда, бейнебақылау камерасына дауыс беру белгісі анық көрінетін әрбір саналатын бюллетеннің көрсетілуі, бейнежазбаны қарау арқылы дауыстарды қайта санауға мүмкіндік береді. Бұл шара өте маңызды. Өйткені бюллетеньдердің өзі жойылатындықтан, бейнебақылау жазбалары Орталық сайлау комиссиясының серверінде сақтала алады. Бұл шешімнің өзі көп күмән туғызбай, қоғам мен билік арасындағы сенімділікті арттырады дейді депутат.

Алайда, оның пікірінше, барлық уақытта берілген ұсыныстар үнемі мемлекеттік органдар мен билік партиясының қарсылығымен өтпей келетін көрінеді.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауы мен конституциялық реформаны іске асыру бойынша заң жобасын қарау барысында «Ақ жол» фракциясы сайлау процесінде бейнемониторингті енгізуді және 60-тан аса ұсыныс жасаған кезде, Үкімет пен басқа фракциялардағы әріптестер тағы да қарсы шығып, қабылдатпай қойды, – деп мәлімдеді Қазыбек Иса.

Сондай-ақ ол бүгінде дауыс беру барысының бейнемониторингі көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде белсенді түрде енгізіліп жатқанын айтты. Ал Қырғызстан бұл жүйені 10 жыл бұрын енгізген.

Қазақстанның цифрландыру деңгейі үшін бұл жаңалық проблема тудырмайды. Мемлекеттік органдар, видеомониторингтен бас тартудың сылтауы ретінде алға тартып отырған қаржылық шығындар өзге ондаған бағдарламаларға жұмсалған шығындардан артық емес. Сонымен қатар, олар азаматтардың өз мемлекетіне деген сенімінің артуымен бірден ақталады.

Мемлекетке ел сенімі мен қоғамның тұрақтылығы қажет болса, сайлау әділ өтуі үшін түрлі сылтаулармен кедергі жасамай, осы ұтымды ұсыныстарды қабылдауы керек. Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы еліміздегі барлық сайлауда сайлау учаскелерінде дауыс беру барысына бейнемониторинг енгізуді тағы да қайта ұсынады», – деді Қазыбек Иса.

 

Динара АМАНТАЙ
11.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 376
ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 339
БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ 1990 АДАМ ТҰР
Жарқынбек ШОҒАЛОВ, аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы - 26.01.2023 359

Топ жаңалықтар

1
ТҮРКІСТАНДА «ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ – АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 298
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 297
3
Елнұр Бейсенбаев: "Сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады"
Show more
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі - 2023-01-28 295
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 299
5
Қарағанды облысы Аймақта 32 ауылдың жағдайы жақсарады
Show more
Ермек Сахариев - 2023-01-26 122