Қарағанды облысында 6 мыңнан астам бала тегін шығармашылық үйірмелерге қатысады

Қарағанды облысында 6 мыңнан астам бала тегін шығармашылық үйірмелерге қатысады

 

Қарағанды облысында 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін 24 бағыт бойынша 164 тегін шығармашылық үйірме жұмыс істейді. Онда 6 407 адам шұғылданады. Ең көп сұранысқа кескіндеме, сурет салу, халықтық және заманауи би үйірмелері ие.

Шығармашылық тапсырыс бойынша үйірмелер Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Жаңаарқа және Шет аудандарында жұмыс істейді, деп хабарлады Кеншілер мәдениет үйінде ұйымдастырылған журналистерге арналған брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, өнім берушілердің қызметтері арнайы әзірленген artsport.edu.kz порталында орналастырылады. Балалар ата-аналарының көмегімен шығармашылықтың қандай түрімен айналысуды таңдайды және сол сайтта өтініш береді.

– Балаларды үйірмелерге хореография, вокал, поэзия, кескіндеме, сурет салу, актерлік шеберлік, музыкалық аспаптарда ойнау, қолданбалы шығармашылық және басқа да бағыттар бойынша анықтау үшін ваучерлік жүйе әзірленді, оған сәйкес бос орындар қызмет көрсетушіні көрсете отырып, ваучер беру арқылы кезектілікке қарай бөлінеді. Әр бала екі үйірмеге қатыса алады. Қазіргі уақытта балалардың заңды өкілдері 8 683 өтініш берді. Оның ішінде 7 873 ваучер іске қосылып, берілді, – деді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Нелдібаев.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қауымдастығының төрағасы және «Алтын Батыр» студиясының жетекшісі Лана Болат шығармашылық тапсырыс бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер белгілі бір өлшемдерге сәйкес келуі керектігін атап өтті. Мысалы, сабаққа қажетті коммерциялық бөлме болуы керек.

– Менің алғашқы студияларым Нұр-Сұлтанда ашылды, бірақ мен Қарағанды тумасымын. Жан басына қаржыландыру бағдарламасын іске қосқан кезде мен шығармашылық балаларымен танымал Қарағанды қаласында да өз кешенімді ашуға бел будым. Мұнда талантты жастар өте көп. Бұрынғы мейрамханадан біз би сыныбын жасадық. Қазір бізде бұрын мұндай мүмкіндікке ие болмаған балалар көп. Және де бұл өте керемет жаңалық! – дейді Лана Болат.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша шығармашылық үйірмелер де ерекше балалардың дамуына көмектеседі. Олар интеграцияланған топтарда, яғни норматиптік балалармен бірге айналысады.

– Біздің балалар хормен ән айту, сурет салу, үйірмелеріне, шығармашылық шеберханаға барады. Конкурстарға да қатысады. Олардың қарым-қатынасқұру және дамуы жоғарылап келеді. Бұрын біздің балаларымызбен тегін айналысқысы келетіндер аз болатын және мұндай қолжетімділік болмаған, – деп атап өтті «Batyl jyreq» ҚҚ өкілі Татьяна Соковых.

Осылайша, мемлекет шығармашылық тапсырыс бағдарламасымен балаларды ғана емес, кәсіпкерлерді де қолдайды. Оған бизнесте тәжірибесі болмаса да, шығармашылық пәндер оқытушылары қатыса алады.

Жомарт Шаймұрат
01.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 138
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 172
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 138
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 500
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 458

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9155
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762