Қарағанды облысында жаппай егін егу мамырайының ортасында басталады. Бірақ қазірдің өзіндебарлық ықтимал тәуекелдерді алдын ала болжаумаңызды. Бар мәселелерді талқылау үшін өңірбасшысы Жеңіс Қасымбек агрокеңес өткізді.
Осакаров ауданында кездесуге облыстың барлықауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жиналды. Қаржы институттарының өкілдерін шақырып, мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралыайтылды. С. Сейфуллин Қазақ агротехникалықуниверситетінің ғалымдары – өсімдіктерді қорғау, егіншілік, тұқым шаруашылығы мамандары келді. Олар тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.
Облыстағы егіс алқаптары жыл сайын ұлғайыпкеледі. Биыл олар миллион гектардан асады. Фермерлерді ауылшаруашылық технологияларынсақтауға шақырды, себебі егіннің өнімділігі осығанбайланысты.
Ал мемлекет жерді ұтымды пайдаланудыынталандырады. Биыл бюджеттен жоғары сұрыптытұқымдарды, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді субсидиялауға 3 млрд теңгеден астамқаражат бөлінді.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысыАсқар Санаубаровтың ақпараты бойынша, биылегістікті минералды тыңайтқыштармен қамту 40%-ғадейін артады. Суармалы жерлердің ауданын ұлғайтужоспарлануда.
Көктемгі дала жұмыстарына 20 мыңға жуықауыл шаруашылығы техникасы тартылады. 23,6 мыңтонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.
– Біз аграршылардың қарқындытехнологияларды белсенді енгізіп жатқанын көріпотырмыз. Минералды тыңайтқыштарды, элиталықтұқымдарды көбірек қолдана бастады, заманауи, өнімділігі жоғары техникаға және цифрландыружобаларына инвестициялар сала бастады. Мұндайжұмыстың нәтижесі өнім шығару мен оның сапасынарттыру болып табылады, – деп атап өтті ЖеңісҚасымбек. – Біз егіс науқанына дайындық барысындатуындайтын барлық мәселелерді жедел шешу үшіноблыстық штаб құрдық. Оны менің орынбасарымСерік Шайдаров басқарады.
Озық шаруашылықтардың басшылары өзтәжірибелерімен бөлісті.
– Бүгінгі таңда ресурстарды тиімді пайдалану, заманауи технологияларды қолдану басты назарда. Онсыз тұрақты өнім алу мүмкін емес. Біз өңірді өзазық-түлігімізбен қамтамасыз ету, азық-түлікқауіпсіздігін арттыру үшін өзіміздішоғырландыруымыз керек, – деп атап өтті Қазақстанфермерлер одағы облыстық филиалының төрағасыИгорь Жабяк.