Қарағанды облысында Аmanat партиясы жұмысының басымдықтары талқыланды

Қарағанды облысында Аmanat партиясы жұмысының басымдықтары талқыланды

 

Қарағанды облысында ең шалғай елді мекендерге жылжымалы қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылады. Қоғамдық кеңестер мен бастауыш партия ұйымдарының жұмысы күшейтіледі. Әрбір тұрғын өз пікірін айта алады және оған назар аударылуы тиіс, деп атап өтті өңір әкімі Жеңіс Қасымбек Аmanat партиясының активінде.

– Халықтың санасын саясиландыру жүріп жатыр. Саяси бәсекелестік қарқындап, кеңейетіні заңдылық. Мұндай жағдайда партия заман талабына сай қадам басып, уақыт сын-қатерлеріне жауап беріп, сұранысқа ие саяси күш болып қала беруі тиіс. Басым міндет – халықпен кері байланысты күшейту және жұмысты жандандыру, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Бастауыш партия ұйымдары басты диалог алаңына айналуға тиіс. Облыста 459 бастауыш партия ұйымы бар, оған 86 мың партия мүшесі кіреді.

Болашақ жоспарларымен Теміртау қалалық филиалының «ЦентрПромстрой» ЖШС бастауыш партия ұйымының төрағасы Михаил Коновалов бөлісті.

– Жақын арада БПҰ төрағаларының белсенділігін, ұтқырлығын және жауапкершілігін арттыру үшін оларды бағалауды және рейтингін енгізу жоспарлануда. Мен бұл бағытты трансформация жолында дұрыс деп санаймын. Сондай-ақ, креативті жастардың әлеуетін іске асыру үшін мобильді партиялық қосымшаны және «Партиялық контент-фабрика» жаңа жобасын іске қосу сияқты жаңашылдықтар да өзекті, – деп атап өтті Михаил Коновалов.

– Жұртшылықпен кері байланыстың тиімділігін арттыру маңызды. Фракция мүшелері тек аудандық және облыстық деңгейде ғана емес, шалғай ауылдарға бару тәжірибесін жандандыруы қажет. Жұртшылықты толғандыратын мәселелерді мәслихаттарда талқылап, шешімін тапқан дұрыс. Ең бастысы – депутаттық мандат емес, айырмашылық емес, қоғамның ерекше сенімі екенін есте ұстаған жөн, – деді Нұра аудандық мәслихаты партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі Данияр Алшынбаев.

Jas Otan жастар қанатының жұмысы түбегейлі қайта қаралып, күшейтілетін болады. Қазіргі уақытта өңірде 35 адамнан тұратын жас депутаттар корпусы жұмыс істейді. Олардың барлығы қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысады.

Партия активінің қорытындысы бойынша Жеңіс Қасымбек барлық қатысушыларға партия жұмысын жедел әрі сапалы жаңарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, беделді партиялықтарды – қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, диалог алаңдарын ұйымдастыру, партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасы бойынша жұмысты талдау және аяқтау.

Жомарт Шаймұрат
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 500
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9155
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762