Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы саласының дамуы

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы саласының дамуы

Қарағанды облысы өзін әлеуметтік маңызы бар өнімдермен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Өңірде 19 атаудың бесеуі – қарақұмық, күріш, өсімдік майы, тұз, қант өндірмейді: оған климаттық жағдайлар мүмкіндік бермейді.

Өңірде азық-түлік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетіні және Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту жоспарлары туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров айтып берді.

– Біз ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз және сонымен бірге экспорттық әлеуетті арттыруға тырысамыз. Асқар Дәукенұлы, қандай өнім түрлерін жіберетінімізді және қайда жіберетінімізді айтып берсеңіз.

– Біз аймақты жұмыртқамен қамтамасыз етеміз. Бұл экспортқа бағытталған тауар. Жұмыртқа Қазақстанның басқа аймақтарына, Ауғанстанға, Ресейге жіберіледі. Биыл Майқұдық құс фабрикасының жұмысы қайта басталады. Ол толығымен жаңғыртылды, құс қоралары қоныстандырылды. Жазда олар алғашқы өнімдерді жинаймыз деп уәде етіп отыр. Қуаттылығы жылына 100 млн данадан асады. 200 жұмыс орны құрылады. Облыста барлығы төрт құс фабрикасы жұмыс істейтін болады. Біз сондай-ақ олармен жұмыртқа жеткізу бойынша меморандумдар жасаймыз.

Ұн Ауғанстанға және Орталық Азия елдеріне экспортталады. Біз картопты үш есе көп өндіреміз. Ол Ресейге барады. 6 қаңтардан бастап үш айға картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды. Өткен жылы "Қарағанды-Нан" корпорациясы макарон өнімдерінің үшінші желісін іске қосты. Бұл экспортқа бағытталған өнім. Ресей мен Өзбекстанға жеткізіледі.

– Өндіру – ол бір мәселе, ал екіншісі – сақтау. Облыста көкөніс пен астық қоймалары жеткілікті ме?

– Бұл өте маңызды мәселе. Маусымаралық кезеңде аймақты өнімдермен қамтамасыз етуге бірінші кезекте қоймалар көмектеседі. Ол үшін біз жыл сайын қоймалар саламыз. Облыста 260 мың тоннаға арналған 131 көкөніс және картоп қоймасы бар. Олардың барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталған, бұл облыс үшін қажетті көлемде жеміс-көкөніс өнімдерін салу және сақтау үшін жеткілікті.

2021 жылы екі картоп қоймасы – Осакаров ауданы мен Сәтбаев қаласында қолданысқа берілді. 2021 жылдан бастап Шет ауданында 20 мың тонна картоп-көкөніс қоймасының құрылысы жүріп жатыр.

– Мал шаруашылығына қатысты жағдай қалай?

– Бұл жерде жалпы өнім өндіру көлемінің өсуін ІҚМ басының 4,5%-ға, қой мен ешкінің – 3%-ға, жылқының – 9%-ға, шошқаның – 1,6%-ға, құстың – 4%-ға артуы есебінен күтеміз. Асылдандыру және селекцияландандыру жұмыстарын ынталандыратын боламыз.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның көптеген өңірлерінде жем-шөпке қатысты мәселе туындады. Біздің облыста жем-шөп жеткілікті ме?

– Бізде азықпен проблемалар жоқ. Өткен жылы 2,3 млн тонна шөп дайындалды. Бұл қолда бар малдың сәтті қыстауы үшін жеткілікті.

– Жоспарларға тоқталсақ. Биыл қандай инвестициялық жобалар жүзеге асырылады?

– Біз 20 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мен олардың екеуіне тоқталғым келеді. Бұл – екі тауарлы сүт фермасының құрылысы. Біздің сүт өңдеу кәсіпорындарымыз негізгі компоненті ұнтақ болып табылатын өнім өндіруге бағдарланған. Сүттің жетіспеушілігі байқалады. Біз бұрынғыға оралғымыз келеді. Өткізушілер – "Шанс" ШҚ және "Астра-Агро ЛТД" компаниясы. Мұндай фермалардың аналогтары біздің облыс аумағында әлі жоқ. Олар ең заманауи жабдықтармен жабдықталады. Асыл тұқымды мал әкелу көзделуде.

– Өсімдік шаруашылығында қандай мәселелерге баса назар аударылады?

– Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңын 34 мың гектарға ұлғайтамыз, жалпы бұл 1 млн 89 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ, суармалы жерлердің көлемі ұлғайтылады. Бұл қымбат және ауқымды жұмысты қажет ететін әдіс, бірақ ол жүзеге асыруға тұрарлық. Суармалы жерлер ауа-райына қарамастан егін жинауға кепілдік береді. Олар дәнді және жемшөп дақылдарын, картопты өсіреді. Машина-трактор паркін жаңартуды жалғастырамыз. Биыл 1 404 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр. Биылғы жылдың тағы бір мақсаты – еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру.

Жомарт Шаймұрат
21.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9165
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11791
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9559
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10771