Қарағанды облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдарының, ҚР Ұлттық ұланының қызметкерлерін және еліміздің бейбіт тұрғындарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Өңір әкімі Жеңіс Қасымбек облыс әкімдігінің атынан қаза тапқан қазақстандықтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
– Осы қиын-қыстау күндерде облыстың барлық тұрғындары сіздермен қайғы-қасіретті бөліседі, – деді Жеңіс Қасымбек.
Еске сала кетейік, еліміздің бірқатар аймақтарындағы қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамдардың қаза болуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.