Қарағанды облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының 24 қатысушысы мен мүгедегі тұрадыЖеңіс күніне орайоларға бюджеттен миллион теңгеден төлендіБір жолғыматериалдық көмек сонымен қатар тыл еңбеккерлерінеқоршаудағы Ленинград тұрғындарынаконцлагерьтұтқындарынаеркін жалданушыларғасоғыс кезіндеқаза тапқандардың жесірлері мен әйелдеріне арналған.

Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында облыс әкіміЖеңіс Қасымбек ардагерлермен кездестіСалтанаттықабылдауға соғысқа қатысушылартыл еңбеккерлеріардагерлер ұйымдарының басшылары шақырылды.

  • Жеңіс күні өзінің жауынгерлік борышын адалорындағанмиллиондаған тыл қызметкерлерініңеңбегіменжауды жеңу үшін өмірін ауыр еңбеккебағындырған миллиондаған сарбаздар менофицерлердің өмірімен өтелді.  Қарағандылықтар өзөмірі мен денсаулығының арқасында сонау қырықыншыжылдары жеңіске жеткен жерлестерін әрдайым мақтантұтатын боладыБіз ұлттық және әлемдік тарихшежіресіне есімдері алтын әріппен жазылғанбүгінгікүнге жетіп отырғанымызға себепші адамдарға құрметпен алғыс білдіреміз, - деп Жеңіс Қасымбекардагерлерді құттықтады.

Қабылдауға шақырылған ең қарт қонақ - 99 жастағыБүркіт Есжанов ардагерлерге ұдайы көңіл бөліпотырғаны үшін алғысын білдірдіОл барлығынаденсаулықбейбітшілік және мемлекетіміздіңөркендеуін тіледі.

Бүркіт Есжанов майданға 19 жасындаұшқыштаручилищесін бітірген соң аттанғанМәскеу маңындасоғысыпКурск шайқасына қатысқанСоғыстан кейінсолтүстік-шығыс Қытай мен Моңғолияны жапондарданазат етуге қатысты.

Теміртаудан кездесуге жақында 95 жылдықмерейтойын атап өткен Николай Куриленко келдіҚартайғанына қарамастанардагер жігерлі жәнебелсенді өмір салтын ұстанадывелосеруендергешығады.

Қабылдау аяқталғаннан кейін Жеңіс Қасымбек екіардагердің үйіне бардыОблыс әкімі 97 жастағы МарияШинкевич пен 99 жастағы Сұңғат Саттығұловтыңшаңырағында болып қайтты.

Мария Шинкевич майданға 19 жасында аттанғанАтқыштар дивизиясында мерген болдыЧехословакиядасоғысыпЖеңісті Прагада қарсы алған.

Сұңғат Саттығұлов Сталинград түбінде шайқасқанМинскті азат еткен. 293-ші атқыштар дивизиясыныңминомет есебінің командирі болдыЕкі рет ауыржарақат алғанбірақ ауруханадан кейін майданға қайтаоралған.

Облыс ардагерлеріне көмек тек бюджет есебіненғана көрсетілмейкәсіпкерлерірі өнеркәсіптіккомпаниялар қолдау көрсетедіОлардың қатарындаҚазақмысАрселорМиттал ТеміртауЖәйрем КБК жәнет.б. бар. Жеңіс күніне орай облыс бойынша түрлікөздерден жиналған демеушілік көмек 63 млн теңгеніқұрады.

Жомарт Шаймұрат
06.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 822
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6896
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10732
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6965
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7104