Қарағанды облысының үш спортшысыжасөспірімдер арасындағы тректегі велоспорттанАзия чемпионатында үздік өнер көрсетті. Кирилл Курдиди, Илья Карабутов және Ризван Бейсенбаевбес медаль жеңіп алды. Олардың үшеуі – алтын.
Жарыс Нью-Делиде (Үндістан) өтті. Оған 27 елден 86 өкіл қатысты.
Азия чемпионатының қарағандылыққатысушылары Н. Әбдіров атындағы Спорт сарайында өткен баспасөз конференциясындажурналистермен жас спортшы-велосипедшілері өзәсерлерімен бөлісті.
Теміртаудан ҚР спорт шебері Илья Карабутовкомандалық қудалау жарысында бірінші орыналып, "омниум" жарысында жеңімпаз атанды. Тек өзіне деген сенім және толқулармен күрес оғанжақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектескенінайтады.
– Үш жарысқа қатыстым. Олардың біріндетөртінші болдым. Қатты ренжідім, бірақ кейінөзімді қолға алдым да, келесі күні жеңіске жеттім, – дейді Илья Карабутов. – Төрт шақырымдықкомандалық жарысқа бес команда қатыстық. БізКореядан біліктілік алдық. Ал финалдық жарысҚазақстанның жасөспірімдері бұрынғыға қарағандажеті секундқа жақсырақ өттік. Біз көрсеткішіміздіосылайша жоғарылаттық.
Он жеті жасар ҚР спорт шебері РизванБейсенбаев осындай жарыстарға алғаш ретқатысып отыр. Кирилл Курдидимен бірге олкомандалық спринтте күміс жеңіп алды.
– Осы чемпионатқа дайындық кезіндебарлығымыз 100% беріліп жаттықтық. Сондықтанжақсы нәтижеге қол жеткіздік. Корея мен Малайзиядан келген спортшылар өте мықтықарсыластар болды, – дейді Ризван Бейсенбаев. – Біз күміс жүлдегер атанғанымызды жариялағанкезде, басында сенбедім, бірақ түсінген кезде, әрине, қатты қуандым.
Велоспорттан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының қола жүлдегеріКирилл Курдиди жарыстан бірнеше марапат алыпкелді. Жас жігіт 1000 м қашықтықта Гита чемпионы және "спринт" жарысында күмісжүлдегер атанды.
– Азия чемпионаты менің туған күнімменсәйкес келді, – дейді Кирилл Курдиди. – Алайда, мені сол күні әділ төрелеген жоқ. Бірақ келесі жолымен жарысты жеңіп, чемпион атандым. Жеңіскежету екі есе жағымды болды. Қазір Израильдетамыз айында өтетін әлем чемпионатына дайындықжүріп жатыр. Бәсекелестік тәжірибе бар, бізбейімделіп, физикалық дайындаламыз. Біз жеңісүшін барамыз!