Қарағандыда «Amanat» партиясынан мәслихат депутаттарының I облыстық форумы өтті.

Қарағандыда «Amanat» партиясынан мәслихат депутаттарының I облыстық форумы өтті.

Ортақ алаңда Аманат партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асу нәтижелері, Қарағанды облысы бойынша партия ұйымының алға қойған міндеттерінің орындалуы және халықтың өзекті де өткір мәселелерін бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу мақсатында өткен ауқымды шараға партия хатшысы Руслан Алишев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Үнзилә Шапақ, Бауыржан Смағұлов, облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты. Басқарма өкілдері панельдік секцияларда экономика және әлеуметтік сала, жастарды қолдау және басқа да өзекті тақырыптағы мәселелерін талқылады. 

 

 «AMANAT» – бұл елдегі ең ірі, ықпалды саяси күш болса, оның  бір тобы – партиядан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттар.

«Бүгінгі күні партияға түпкілікті трансформация жасалып, құрғақ уәде мен жалаң ұрандардан арылған. Аймақтық деңгейде сөзден іске көшіп, саяси алаңда да, қоғамдық жұмыста да тұрғындардың  артқан сенімінен барынша шығуға тырысып жатыр. Нәтижесі де бар. Оған дәлел, қоғамдық қабылдауға түсетін қоңыраулар, кері байланыс жасап жатқан азаматтар. Алайда, қоғамда қанша адам болса, сонша пікір бар. Әр пікірді құрметтеу, айтылған сын болса сауатты жауап беру, шешімін таппаған мәселені оңтайлы шешу -  міндет. Себебі, кешегі сайлауда берген уәдеге селкеу түсіріп алмау өте маңызды», дейді «AMANAT» партиясы Қарағанды филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков.

Депутатты “Халық қалаулысы” деп атаудың өзі асқан жауапкершілік пен салмақ артады. Қазір, әлеуметтік желілерде тырнақшаның ішіндегі блогерлер, белсенділер тарапынан бұқараның назарын аударып, түрлі ақпарат тарату белең алуда. Мұндай жағдайда үгітке берілмей, түрлі күштердің жетегінде кетпей, шын кәсібилік пен біліктілікті, парасаттылықты көрсету аса қажет. Себебі, парасаттылық пен шынайылық - халық қалаулысының ұстанымы болса керек. Парламент Мәжілісіндегі депутаттардың халықты толғандырған сұрақтарды көтеріп, үкіметке, мемлекеттік ұйымдарға жолдаған депутаттық сауалдары халық тарапынан үлкен қолдау тапты.  

Шын мәнінде Мемлекет басшысының қоғамдық тірегіне, елдегі түбегейлі реформалардың қозғаушы күшіне айнала білген партияның арнайы Жол картасы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және әлеуетті дамытуға бағытталған 10 міндет бойынша бірнеше жүздеген шарадан тұрады.

«Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының негізі де – нақ халық сұранысы мен өтініші. Бұл белсенді болуға және партия қабылдаған міндеттемелерді іске асыруға жан-жақты атсалысуға міндеттейді. Партияның Қарағанды облыстық  филиалының халықтың мәселесін шешуде әлеуеті мен потенциалы мықты, көтеріп жүрген мәселелері көшпелі кездесулердегі халықтың өтініші. Ендеше осы  әлеуетті  пайдаланып, әлсіз тұстарға басымдық таныту  қажет.

Естеріңізде болса, Партия Төрағасы Ерлан Қошанов: «Баршамызды бір миссия – мемлекет пен халыққа адал, риясыз қызмет ету миссиясы біріктіреді. Мақтан мен мансап, қазіргі тілмен айтқанда пиар жасау, менмендік депутатқа тән емес» деген еді. Өткен жылы партияның съезінде Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев: «Мәслихат депутатының төсбелгісі оны халық сайлағанын білдіреді және депутат тек халықтың мүддесі үшін қызмет етуі керек, қойылатын талап та аса жоғары болады деп баса назар аударды. Шынында да, сайлаушылар басқаларға кешіргенді бізге кешірмейді, деп, фракцияның ішінде біртұтас ұстаным қалыптастыру маңыздылығын,  кез келген шешім нұсқау арқылы емес, ортақ келісіммен қабылдануы шарт екенін баса айтты.

Алаш зиялысы Міржақып Дулатов: Жақсы болу үшін депутат болу шарт емес, ал депутат болу үшін жақсы болу шарт, және ақжүрек, таза болса,  жұртты я сатып, я алдап кетпейтін болса; Халық үшін ерінбей қызмет етерлік, екіталай жерде жанын қиярлық ержүректі болса. Өз пайдасынан жұрт пайдасын артық көретін болса. Саясат ісіне жетік болса, Білімді, шешен, оқыған көсем болса» деп жазып депутаттыққа кім лайық?-деген сұраққа бір ғасыр бұрын жауап беріп кетті. Бүгінгінің депутаты осыған лайық болса, іргелі партия ұйымының да мұратының іске асқаны. Сайлаушылардың аманатын арқалаған партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалуы басты бақылау нысанына айналды.  Өңірлік Жол картасындағы барлық көрсеткіштер депутаттарға бекітіліп берілген. Өткен жылы Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау енгізілді. Бұл партияны жергілікті жерлерде белсендірек жұмыс істеуге бағыттады.

Партия облыстық филиалы облыстың қоғамдық-саяси өміріне араласып, қоғамдағы маңызды оқиғалардың ортасынан табылып келеді әрі партиялық жобалар қоғамды ұйыстырудың негізгі құралдары ретінде табылып, жоғары деңгейде ұйымдастырылуда.

Мысалы, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 1 мыңнан аса ардагерлер мен қарт адамдарға қайырымдылық көмектер көрсетілді. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы, тыл еңбеккерлері мен еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға медициналық көмектер көрсетілді, «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері үй шаруашылығына көмектесті.

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 40-тан аса іс-шара өтті. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, олардың өмір сүруге ынтасын арттыру мақсатында жасаған қолөнер бұйымдарының сату жәрмеңкесі, ерекше қажеттілігі бар жандарды жұмыспен қамту үшін бос орындар жәрмеңкелері, ашық есік күні, мамандандырылған емдік – диагностикалық кеңестер және т.б шаралар өткізілуде.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуі тиіс ғимараттарға тұрақты түрде зерделеу жүргізіледі. Биыл 250 нысанға зерделеу жүргізіліп, тиісті мекемелерге ұсыныстар берілді.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылып, маңызды мәселелерді шешуге атсалысып келеміз. «Балалар үшін жайлы инфрақұрылым» акциясымен өңіріміздің аудандары мен қалаларында ойын алаңдары, ашық люктер мен трансформаторларға демалыс лагеріндегі балалардың тұрмыс жағдайына, жатын орындарын жақсарту мәселеріне зерделеу тұрақты жүргізіледі. «Балаларды мектепке даярлайық!» акциясымен 1 мыңнан аса оқушының (240 отбасы) 2 млн теңгеден аса қаржыға мектеп формасы, оқу құралдары және басқа да қажетті жабдықтар алынды. Бұл акцияға депутаттар, кәсіпкерлер белсенді қатысты.                       

Биыл облыста 11 инвестициялық жоба іске қосылады. Олардың біреуі – тұрмыстық техника шығаратын зауыт-мың жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында іскерлік белсенділік артып, жастар кәсіпкерлігі үшін жағдай жасалуда. "Ауыл Аманаты" жобасы бойынша 64 ауылдық округте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қолдау алды.  

Аталған жоба аясында бүгінгі күні 5 млрд 945 млн теңгеге 766 өтінім қабылданған, оның 193 өтінімі, 1 млрд 600 млн-ға жуық теңгеге мақұлданып, жалпы соммасы 1 млрд 321 млн теңгені құрайтын 150 несие берілді. Халық алғашқыда күдікпен қарап, кейін сенімі артқан «Жер аманаты» жобасы бүгінде өз жемісін беруде. «Жер Аманаты» жобасы аясында 2022 жылы комиссиясының ықпалымен облыс бойынша қайтқан жерлердің жалпы көлемі – 1 млн 230 мың аса гектарды құрады. Биылғы жылы жоба аясында өңірдегі 310 мыңнан аса гектарға жуық жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылады. Ағымдағы жылдың сәуірінде халыққа қаржылық сауаттылықты үйрету мақсатында «AMANAT» партиясы мен «Халық» банкі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Мамыр айынан бері меморандум аясында «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы пилотты режимді «Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша құзыреттерді арттыру» оқу курстары еліміздің 8 өңірін қамтыды. Бұл жоба жөнінде Президент Қ.К.Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында ерекше тоқталып, Үкіметке аталмыш жобаның ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Осы мақсатта «Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша құзыреттерді арттыру» оқу курсын өткізу  Қарағанды облысында да жоспарлануда. Облыс бойынша 1 облыстық, 6 қалалық, 7 аудандық Партиялық бақылау комиссиялары құрылып, жұмыс істеуде. Партия филиалдарының Партиялық бақылау комиссиясына облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары енгізілген.

Сайлауалды бағдарламаның шеңберіндегі орындалмау қауіпі бар немесе жұмыстары баяу жүріп жатқан нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары бойынша партиялық бақылау бекеттері жұмыс жасауда. Бүгінгі күні облыс аумағында 24 бекет орнатылды.

Партия мүшелері Асан қайғының Жерұйығы мен әл-Фарабидің ізгі қоғам идеясын, Абайдың «Толық адам» концепциясын, Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық миссиясын, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстарының ұлы мұратын үлгі-өнеге тұтады.

Бабалар еңбегінің лайықты жалғастырушылары – рухты, білімді, саналы, отаншыл жастар. Олар – партия болашағы.

Олардың мәселесі партияның үнемі назарында.

«Жастар рухы» жастар қанаты жұмысын жетілдіру аясында ауқымды міндеттер белгіленді. Жастар қанаты қызметін жандандыру, «Біз біргеміз» және «Волонтер мектебі» ұйымдары желісін кеңейту, ауыл жастарының әлеуетін дамытуға бағытталған «Өрлеу», отансүйгіштікке баулитын жаңа «Қайсар» әскери-патриоттық жобасы және  креативті жас партия мүшелерінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін жобалары іске қосылды. 

Бүгінде «рухтастардың» сапында 8 мыңнан аса мүше бар. Облыстағы 7 жоғары оқу орны мен 40-тан аса колледжде,  ірі кәсіпорындарда бөлімшелері тұрақты қызмет атқаруда. «Жастар рухы» белсенділерінің ұйытқы болуымен 200-ден аса іс-шаралар өткізіліп, оған 29 мың жас қамтылған. Жастар қанатымен жыл бойы «Бір толқында», «Жастарға кеңес», «Жастарға жұмыс», қазақ тілінің аясын кеңейтуге бағытталған «Сөйле» клубы атты жобалар мен акциялар іске асты. Жалпы,  қоғамда әйелдердің рөлі қашанда ерекше және партия жанынан құрылған әйелдер қанаттары аясында өңірде де осы ұйымды  қалыптастырып, алдағы айларда облыстық әйелдер форумын өткізу жоспарланып отыр. Қыркүйек айының басында Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауын халыққа ұсынды. Өз сөзінде әділетті қоғам экономикасының дамуы үшін қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтар өзгеруі керек деген еді. Шынында қоғамның санасына даму да, өркендеу де тәуелді. Көздеген мақсатқа адалдық, шынайылық пен біртұтастық құндылықтары арқылы жетсе керек.  Президенттің биылғы Жолдауында қамтылған мақсат-міндеттердің бір тармағы  өңдеу өнеркәсібін дамытуға көңіл бөлуге арналды.  Яғни, шикізат қоры бойынша көшбасшы өңір саналатын Қарағанды облысының өңдеу саласы бойынша мүмкіндігі зор екенін ескерсек, бұл мәселе зор жауапкершілік жүктейді. Сайып келгенде, партия құрамындағы баршаның жүгі  ауыр. Сол жүкті абыроймен көтеріп шығу одан да салмақтырақ.

 

 

Индира Тоқмырза
27.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 29
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 51
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 19
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 24
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 27
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 55
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 51
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 255
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 877

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8952
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11572
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10556