Қарағандыда облыстық балалар байқауының қорытындысы шығарылды

Қарағандыда облыстық балалар байқауының қорытындысы шығарылды

Қарағандыда Ғарышкерлер күні мен Балалар жылына арналған «Ғарыш кенеп бояуында» облыстық балалар бейнелеу шығармашылығы байқауының жеңімпаздары анықталды.      

      Қосымша білім беру ұйымдарынан, көркемөнер мектептерінен және бейнелеу студияларынан 200-ден астам оқушы өз жұмыстарын ұсынды.

       Іс-шараны мәдениет, архивтер және құжаттамажәне білім басқармаларының қолдауымен«Сарыжайлау» кинотеатры ұйымдастырды.

 

 

      – Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Шахан, Приозёрск, Саран қалаларының балалары өзөнерлерін көрсетті. Бірде-бір бала назардан тысқалған жоқ. Әркім ерекше сыйлық - жерлесімізҚазақстанның тұңғыш ғарышкері ТоқтарӘубәкіровтің құттықтау хатын алды, – деп бөлісті«Сарыжайлау» кинотеатрының басшысы РымбалаОмарбекова.

 

 

     10–13 жас аралығындағы қарағандылықтарбірнеше номинация бойынша жеңіске жету үшінөзара бақ таластырды. Үш номинация бойыншаШахтинск қаласынан Әубәкір Исмаилов атындағыбалалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілеріүздік атанды. «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясын Мария Тишкова, «Графикада» – Валерия Кытманова, «Кескіндемеде» – НаргизБашанова жеңіске жетті. Қарағанды қаласының № 2 Балалар өнер мектебінің оқушысы Сафина Бакирова «Композиция» номинациясы бойынша бірінші орыналды. «Мүсін» санатында жеңімпаздар болған жоқ.

      Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтарменмарапатталды. Барлық қатысушылар сертификаттаралды, ал басшылар алғыс хаттармен марапатталды.

Жомарт Шаймұрат
05.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28858
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28389
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45673
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41318
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45987