А.ж. 29-шы наурызда Қарағанды облысының тарих пәні мұғалімдерінің облыстық форумы өтті.
Ұстаз мамандығының беделін арттыру және тарих пәні мұғалімдері қауымдастығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған форум «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» атты тақырыпта өтті.
Оған 200 тарта педагогтер қатысып, алты пікірталас алаңы мен пленарлық отырыста тақырыпты талқылады.
Форум барысында «Зейін» жобасы аясында тарих пәні сабағында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, «Туған өлке сырлары» аймақтық жобасын білім кеңістігінде жүзеге асыру, тарих пәні мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату және басқа да мәселелер сөз болды.
Тарих - біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы.
Шәкәрім атындағы гимназияның қабырғасында облыстық пән мұғалімдері форумдарының легін жалғастырған тарихшылар кездесуінде ұстаздық мамандықтың беделін арттыру және тарих пәні мұғалімдері қауымдастығын дамыту мақсаты еді.
Облыстың ұстаздары ойларымен бөлісіп, еркін тәжірибе алмасты. Пікірталас алаңдарында тарих сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту, мұғалімнің кәсіби әлеуетін арттыру, білім беру мазмұнын жетілдіру сұрақтары бойынша нақты ұсынымдар мен шешімдер қабылданды.
Ал пленарлық мәжіліс барысында спикерлер білім басқармасының басшысы Гүлсім Шабдановна, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУдың доктаранты Қанат Бөдеев және тарихшылар өз ойларын ортаға салды.
Мұндай шаралар арқылы тарихшылар проблемалық тұстарды ғана анықтап қана қоймай, оларды шешудің жолдарын бірлесіп таба алады.